РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

25.11.2017

Есеп комитеті ТМД-ға қатысушы елдердің ЖҚБО үшін мемлекеттік қаржылық бақылау (аудит) стандарттарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының XI отырысын ұйымдастырды

Есеп комитетінің мүшесі Константин Плотниковтіңтөрағалығымен,  видеоконференция режимінде өткен отырысқа Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан елдерінің жоғары қаржы бақылау органдарының өкілдері қатысты.

Отырыс барысында бірлескен және қатар бақылау, сараптамалық-талдамалық іс-шараларға (аудит) сапа бақылауын жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар жобаларын әзірлеу мерзімдері талқыланды.

Есеп комитеті «ТМД-ға қатысушы елдердің ЖҚБО-ның ақпараттық өзара іс-қимылы» стандартының жобасын  таныстырды.
ТМД-ға қатысушы елдердің ЖҚБО үшін мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарынәзірлеу жөніндегі жұмыс тобының 2018-2019 жылдарға арналған жұмыс жоспары қарастырылды және бекітілді.

Отырыс қорытындысы бойынша аудиторлық іс-шараларға сапа бақылауын жүргізу жөніндегі әдіснамалық құжаттарды өзара алмасу, содай-ақ таныстырылған стандарт жобасына ұсыныстар мен ескертулер беру туралы шешім қабылданды.

Анықтама үшін:

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржы бақылау органдарының мемлекеттік қаржылық бақылау (аудит) стандарттарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы 2010 жылғы қыркүйек айында Ереван қаласында (Армения Республикасы) өткен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Жоғары қаржы бақылау органдары басшыларының Х сессиясының шешімі бойынша құрылған.
Есеп комитеті Жұмыс тобында оның құрылған күнінен бастап төрағалық етеді.
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі
 

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi
Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков
Есеп комитетінің Төрағасы

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 21 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату