РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

30.11.2017

Эстония жоғары мемлекеттік аудит органының делегациясы 28-30 қараша аралығында Есеп комитетіне жұмыс сапарымен келді

Эстония мемлекеттік аудит офисінің өкілдері Астанаға 2018 жылға жоспарланған Есеп комитетінің қызметін тексеру (дәрежесі бойынша тең тексеру) щеңберінде келді.

Есеп комитеті бастамашылық жасаған тексеру Қазақстанның жоғары мемлекеттік аудит органдары қызметінің ұлттық заңнама мен халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу мақсатында жүргізілетін болады.

Тексерудің қорытындылары бойынша Эстония мемлекеттік аудит офисінің сарапшылары үздік әлемдік практикаға сәйкес Есеп комитетінің қызметін жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар әзірлейді.  

Сапардың щеңберінде эстониялық әріптестер Төраға Нұрмұхамбет Әбдібековпен, сондай-ақ Есеп комитетінің мүшелерімен және құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен кездесті.

Кездесудің негізгі тақырыбы Қазақстанның жоғары мемлекеттік аудит органының функцияларын, сондай-ақ мемлекттік аудит және қаржылық бақылаудың отандық жүйесін реформалау бойынша Есеп комитеті қабылдайтын шараларды талқылау болды.
 
Анықтама ретінде:
 
Дәрежесі бойынша тең тексеру – жоғары қаржылық бақылау органдарының әлемдік қоғамдастығында қолданылатын, тексерушілер бір-біріне қатынасы бойынша мәртебесі мен өкілеттіктері тең әріптестер болып табылатындықтан, тәуелсіздікті сақтай отырып қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету қағидатын ұстануға мүмкіндік беретін жұмыс нәтижелерін бағалаудың тиімді тетіктерінің бірі.
 
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi
Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков
Есеп комитетінің Төрағасы

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 21 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату