РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

30.11.2017

Есеп комитетінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын өтті

Салтанатты жиында Есеп комитетінің Төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібеков ұжымды келе жатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады.

Нұрмұхамбет Әбдібеков 1991 жылғы 1 желтоқсанда республика Президентінің бірінші бүкілхалықтық сайлауы өтіп, оның барысында Нұрсұлтан Назарбаев өз сайлаушыларының абсолютті қолдауына ие болғанын атап өтті. 

 «Осы тарихи күн бүгінде Тұңғыш Президент күні ретінде тойланады. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үшін өз дауыс берген қазақстандықтар алдағы жылдардағы бейбітшілік пен тұрақтылық, ұлтаралық және конфессияаралық үйлесім, табысты әлеуметтік-экономикалық даму үшін таңдау жасады»,– деді Есеп комитетінің Төрағасы.

Қазақстанның жоғары мемлекеттік аудит органы басшысының айтуынша, республиканың өткен жылдардағы жетістіктері елдің басты идеологы және елді жаңғырту бойынша түбегейлі реформалардың авторы болып табылатын оның тұңғыш Президентінің атымен тығыз байланысты.

«Тарихи өлшемдер бойынша осындай қысқа уақытта Қазақстан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен шынайы өңірлік көшбасшы және әлемдік қоғамдастықтың толыққанды мүшесі бола отырып, орасан табыстарға қол жеткізді», - деп баса айтты Нұрмұхамбет Әбдібеков.

Жиын соңында Есеп комитетінің Төрағасы барлығына зор денсаулық, амандық пен тұрақтылық тіледі.
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі
 
 
 

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi
Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков
Есеп комитетінің Төрағасы

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 21 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату