РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

06.12.2017

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің жоғары қаржылық бақылау органдарының бірлескен отырысы өтті

Бейнеконференция форматында өткен отырысқа Қазақстан Республикасы Есеп комитетінің, Ресей Федерациясы Есеп палатасының, Беларусь Республикасы Мемлекеттік бақылау комитетінің, Армения Республикасы Бақылау палатасыныңжәне Қырғыз Республикасы Есеп палатасыныңөкілдері қатысты.

2016 жылы бес мемлекеттің уәкілетті органдарыныңКедендік әкелу баждарының (өзге де баждар, балама қолданылатынсалықтар мен алымдар) сомаларын есепке алу және бөлу, оларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібі туралы  хаттаманы (Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 5 қосымша) сақтауына жүргізілген бірлескен тексерудің қорытындылары шығарылды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша бес елдің жоғары мемлекеттік аудит (бақылау) органдарының басшылары баяндама жасады.

Қазақстан Республикасы Есеп комитетінің Төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібеков ЕАЭО-ғамүше елдердің жоғары мемлекеттік аудит (бақылау) органдарының өзара іс-қимылының тиімділігін атап өтті.

«Біздің ынтымақтастығымыз Еуразиялық экономикалық кеңістіктегіинтеграциялық процестердің маңызды элементтерінің бірі деп ойлаймын. Алты жыл ішінде ЕАЭО-ғамүше мемлекеттердің одан әрі дамуына ғана емес, сонымен бірге біздің елдеріміздің қаржылық құрылымдарыныңнығаюына ықпал ететінбірлескен тексерулер жүргізуденбаға жетпестәжірибе жинақтадық,» - деді Нұрмұхамбет Әбдібеков.

2016 жылы ЕАЭО-ғамүше мемлекеттердің уәкілетті органдары бес мемлекеттің бюджеттері арасында кедендікәкелубаждарынбөлу тәртібініңсақталуынқамтамасыз еткендеріатап өтілді.

2016 жылы ЕАЭО-ға мүше бес елдің бюджеттеріне түскен кедендік әкелу баждарының жалпы сомасы 9,8 млрд. АҚШ долларын құрады.
Кедендік әкелу баждарының сомасы Қазақстан Республикасында - 190,2 млрд. теңгені, Армения Республикасында - 33,5 млрд. драмды, Беларусь Республикасында - 974,5 млн. бел. рублін, Қырғыз Республикасында - 12,1 млрд. сомды, Ресей Федерациясында - 570 млрд. ресей рублін құрады.

Бұдан басқа, алдыңғы тексерулердің қорытындылары бойынша анықталған проблемалардың әлі де сақталып отырғаны, соның ішінде  кеден саласында ЕАЭО-ның ортақ процестерін ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету бөлігінде сақталып отырғаны атап өтілді.

Бірлескен отырыстың қорытындысы бойынша Хаттама міндеттемелерінің толық және уақтылы орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар ұсынымдарды қамтитын бірлескен тексеру туралы есепті бекіту және оны Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтеріне, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссияға жіберу туралы шешім қабылданды.
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі
 

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi
Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков
Есеп комитетінің Төрағасы

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 21 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату