РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

БАҚ Есеп комитеті туралы

13.11.2017

Есеп комитеті Денсаулық министрлігіндегі қаржылық былықтарды атады, Қазақпарат

ҚР Денсаулық сақтау жүйесін дамытуға бөлінген қаражаттың пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген аудиттің қорытындылары шығарылды. Мемлекеттік аудитпен камтылған республикалық бюджет қаражатының жалпы көлемі 781,4 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Есеп комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелерінде бірқатар жүйелі проблемалардың сақталып отырғаны анықталды. Денсаулық сақтаудың бағдарламалық құжаттарын іске асыруда жүйеліліктің болмауы, дәрілік заттарды және медициналық техниканы сатып алуға жұмсалатын шығындарды жопарлау сапасы деңгейінің төмендігі атап өтілді.

Жекелеген денсаулық сақтау ұйымдары мен жергілікті атқарушы органдар бюджеттік бағдарламалар нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізбеу, қаржылық тәртіпті сақтамау фактілеріне жол берген. Стационарлық көмектің төсек қорын тиімсіз пайдалану фактілері анықталды.

Мәселен, 2016 жыл ішінде Маңғыстау облысында травматологиялық бейіндегі және Алматы облысында эндокринологиялық бейіндегі саны 41 пайызға жеткен пайдаланылмайтын аурухана төсектерін қайта бейіндеу бойынша шаралар қабылданбаған. Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп өткізілген медициналық техникаларды сатып алуды талдау жабықтарды сатып алу тәртібін регламенттейтін заңнамада елеулі олқылықтардың бар екенін көрсетті», - делінген хабарламада.

Мәселен, жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау ұйымдары үшін медициналық техниканың құндық және техникалық сипаттамаларына міндетті сараптама жүргізу туралы талап нормативтік құқықтық актілерде жоқ. Бұл өңірлерде мамандандырылған жабдықты 0,5 млрд теңгеге жоғары қойылған бағамен, сондай-ақ сомасы 8 млрд астам теңгеге кепілдікті сервистік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды сақтамай сатып алуға әкеп соқтырған.

Денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық жарақтандырылуына тиісті түрде мониторинг жүргізілмеуі себебінен Министрліктің алты ведомстволық бағынысты ұйымында жалпы құны 0,7 млрд теңге болатын, жұмыс істемей тұрған 13 бірлік жабдық анықталды. Жабдықтардың жұмыс істемеуінің негізгі себептері тиісті мамандардың болмауы және жинақтауыш бөлшектердің жетіспеушілігі болып табылады.

«Дәрілік заттарды сатып алуға жұмсалатын шығындарды жоспарлаудың қолданыстағы тетігінің кемшіліктері анықталды, бұл 2016 жылдан сомасы 24 млрд теңгені құрайтын қалдық бола тұра, 2017 жылға арналған бюджетті қалыптастыруға әкеп соқтырған. Бұл ретте бір өңірлерде бірқатар медициналық препараттардың жетіспеуі, ал басқа өңірлерде олардың көптігі байқалады. Ұлттық скринингтік бағдарламаны іске асырудың жүйесіздігі ел халқының қуықасты безі, бауыр, өңеш және асқазанның онкологиялық ауруларын ерте анықтау тұрғысынан профилактикалық іс-шаралармен толық қамтылмауына алып келді. Обырдың көрсетілген түрлерінен өлім-жітімнің ұлғаю үрдісі бола тұра, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Алматы, Жамбыл және Маңғыстау облыстарында тиісті скринингтік зерттеулер жүргізілмеуде. Айталық, Алматы облысында 2016 жылы қуықасты безі обырынан болатын өлім-жітім 2014 жылмен салыстырғанда 43, Жамбыл облысында 53 пайызға өсіп отыр», - деп атап өтеді Есеп комитеті.

Халыққа санитариялық авиация нысанында медициналық жедел көмек көрсету жүйесінде де елеулі кемшіліктер анықталды. Атап айтқанда, әуе кемелерінің жедел өтінімдер бойынша ұшуда пайдалануға дайындығын қамтамасыз етпейтін олардың нашар техникалық жай-күйі мен тиісінше күтіп-ұсталмауы фактілері Есеп комитетінің алдыңғы аудиторлық іс-шараларының қорытындысында да бірнеше рет аталып өткен.

«Айталық, санитариялық авиация қызметін көрсететін 12 компанияның ішінен сегізінің авиациялық паркін пайдалану мерзімі 30-дан 40 жылға дейін, жекелеген әуе кемелері қолайсыз метеожағдайларға және тәуліктің түнгі уақытында ұшуға техникалық бейімделмеген, бұл 2016 жылы 93 ұшуды болдырмауға алып келген. Мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша сомасы 31,2 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар, 31,4 млрд теңгеге 101 рәсімдік бұзушылық, 46,8 млрд теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдалану фактілері анықталды. Мемлекеттік аудит барысында қаржылық бұзушылықтар сомасы толық көлемде қалпына келтірілді және өтелді, 3 заңды тұлға және 14 лауазымды адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Есеп комитеті отырысының қорытындысы бойынша Үкіметке тиісті ұсынымдар берілді. Денсаулық сақтау министрлігіне анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау, бюджет және өзге де заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етпеген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау тапсырылды, сондай-ақ басқа да бірқатар тапсырмалар берілді. Аудиттің жекелеген материалдары құқық қорғау органдарына және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға процестік шешімдер қабылдау үшін жіберілді», - делінген таратылған ақпаратта.

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi
Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков
Есеп комитетінің Төрағасы

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 21 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату