РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

БАҚ Есеп комитеті туралы

22.11.2017

Мемлекет пен қоғамды ұйымдастырушы күштің бірегейі - мемлекеттік тіл, "Тіл журналы"

ТІЛ: Құрметті Нұрлан Амангелдіұлы! Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына негіз берген рухани жаңғыру, ұлттық таным туралы пікіріңізбенбөліссеңіз.

Үстіміздегі жылы жарияланған Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы дамушы мемлекетіміз үшін нақты бағыт-бағдар берері айқын. Бұл ел Тәуелсіздігінің ширек ғасырында жариялануы да кездейсоқ емес. Тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде еліміз жас мемлекет ретінде дамудың, қайта құрудың түрлі кезеңдерінен өтті. Осы жылдар ішінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясаты, көрегендігінің арқасында қаншама ірі-ірі жобалар, маңызды стратегиялық құжаттар, елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалын арттыру, елдің тыныштығын, тұрақтылығын қамтамасыз ету, дамыған елдердің қатарына қосылу мақсатында кезең-кезеңмен мемлекеттік бағдарламалар қабылданды. Бүгінгі күнге еліміздің бірақатар жетістіктерге жетіп, Қазақстанның алып елдермен қатар айтылуы осы қыруар еңбектің жемісі деуге болады.

Осы ретте Елбасының бұл мақаласында ұлттық санадан бастап, бәсекелестік қабілет, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің дамуы, санасы ояу ұрпақ тәрбилеуге дейін қамтылып, алдағы жылдарға нақты міндеттер қойылған. Еліміздің өсуі, өркендеуі, мемлекеттілігімізді ұстап қалу, оны баянды ету мақсатында рухани құндылықтар туралы да кеңінен айтылған. Бұл әсіресе, өскелең ұрпақ үшін керек дүние деп ойлаймын. Өйткені адамзат үшін басты, негізгі құндылық – ол оның мемлекеті, тілі, ділі мен діні. Менің ойым, әр азамат елі үшін, мемлекеті үшін аянбай еңбек ету керек. Бұл міндеттің басым салмағы жастарға артылады. Өйткені жастар мемлекеттік болашағы, тірегі. Ал біздің елімізде білімді, көкірегі ояу азамат болып өсуге толық мүмкіндік бар. Барлық деңгейде білім алуға, тіпті шетелде білімін тереңдетіп, шыңдалуына да толықтай жағдай жасалған. Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесін көру, Қазақ Елінің дамыған елдермен терезесі тең болуы Елбасының басты ұстанымы.

Мен үшін бұл мақалада қай жағынан алып қарасаңда  мемлекетке керекті негізгі діңгектің барлығы қамтылған, маңызды стратегиялық құжат, болашаққа нақты бағыт-бағдар. Қазақтың бір әдемі мақалы бар «Бақ бағалағанға, құт қуана білгенге қонады». Расында да ата-бабамыз жылдар бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік, дербес мемлекетке айналдық. Қаншалықты қиын күндерді, кезеңдерді артта тастап, бүгінгідей қарыштап дамып жатқан, бейбіт, татулығы жарасқан елдің азаматы болу бұл біздің бағымыз, негізгі құндылығымыз деп білемін.

ТІЛ: Ана тілі ол тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол – ұлттық ұлы мұрасы. Осы орайда мемлекеттік тіл мәселесіне қатысты өзіңіздің азаматтық көзқарасыңызды білдірсеңіз. 
 
Мемлекет пен қоғамды ұйыстырушы күштің бірегейі - мемлекеттік тіл. Ана тілі тек қана қарым-қатынас құралы ғана емес, ол сол ұлттың бүкіл болмысы мен жан-дүниесін құрайтын коды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бастап, қазақ тілі де  елмен бірге жетілді, қолданыс аясы артты.  Қазақ тілі – мемлекеттік тіл мәртебесін алды. Тиісті заңдар, мемлекеттік бағдарламалар қабылданды. Бұл істердің әрбір сатысында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұрды.  

Мемлекет басшысы жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған Жолдауларында да мемлекеттік тілдің мәртебесі туралы айтып, нақты тапсырмалар беріп отыр. Елімізде қабылданып жатқан барлық маңызды құжаттар да елдің рухани дамуына негіз болып табылады. Әрине бұның барлығы мемлекеттік тілмен тікелей байланысты. Өйткені ұлттық рәміздер сияқты, мемлекетті сол елдің тілі арқылы таниды. Мемлекет пен мемлекеттік тіл бөлінбейтін ұғым.

Қазақстан 130-дан астам ұлт тұратын үлкен мемлекет. Оның басты құндылығы - адам. Бұл жағынан да барлық ұлт өзінің ана тілін сақтауға, оны оқып-үйренуге, мәдениетін қалыптастыруға құқылы. Осындай көп ұлтты, үлкен отбасына айналып отырған мемлекетте – мемлекеттік тіл, ұлт бірлігінің басты факторы ретінде қызмет етуде. Оны үйренушілердің саны күн санап өсіп келеді.

Сонымен қатар Елбасының «Қазақстан 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытында «Қазақ тілі 2025 жылға қарайөмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады» - деген тапсырмасын орындау міндеті тұрғанын да ұмытпауымыз керек.

Тағы да айта кететін жағдай дамыған 30 елдің қатарына кіру туралы қойылған міндеттерді іске асыруда да тілдің алатын рөлі жоғары. Бұл ретте Елбасы өзінің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында «Үш тілді дамыту туралы» тапсырма берді. Бұлар: «қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ағылшын тілі – жаһандық экономикаға кірігу тілі». Үш тіл туралы мәселе жарияланғаннан бастап, қоғамда түрлі пікірлер туындағаны жасырын емес. Бірақ осы жылдар ішінде үш тілді меңгерген жастарымыздың саны артып келе жатқаны көңілімізге қуаныш ұялатады. Бұл да елдің дамуы үшін керекті, маңызды шешім. Өйткені жастарымыздың әлемнің тілінде сөйлеп тұрғаны мемлекеттің дамуына оң әсерін тигізері сөзсіз.
 
ТІЛ: Нұрлан Амангелдіұлы, мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылатын Есеп комитетінің мүшесі ретінде өзіңіз қызмет атқаратын мекемедегі тіл мәселесіне тоқталып өтсеңіз?

Есеп комитетімемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жоғары органы. Негізгі бағыты - республикалық бюджет қаражатының тиімді және заңнамалық талаптарға сай қалыптастырылып, жұмсалуына мемлекеттік аудит жүргізу.

Менің де қызметтік бақылау аумағымда тіл, мәдениет саласына бөлінген қаржының жұмсалуын қадағалау міндеті бар. Қазақ елінің азаматы, қазақ ұлтының баласы ретінде тілге қатысты істердің ауқымды әрі сапалы жүргенін қалаймын. Қажетті жағдайларда ұлттық мүдденің мәселесіне қатысты сәттерде шетте қарап  тұрмаймын деп айта аламын. Мен үшін ол бірінші кезекте намыстың, елдіктің мәселесі.

Мемлекеттік тілді білу, оған құрметпеу қарау - Қазақстанның кез келген азаматының парызы. Өйткені қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Осыған орай біздің мекемемізде «Тіл туралы» Заңның орындалуы, ісқағаздарының мемлекеттік тілде болуы талап етіледі. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне, Үкіметке, Парламентке енгізілетін барлық құжаттар, бюджеттің атқарылуы туралы есептер міндетті түрде қазақ тілінде жасалады.  Мамандардың қазақ тілінде құжат жасауға деген ынтасы өсіп отыр. Бұл мемлекеттік тілдің қолданыс аясының артуына ықпал етуде. Сондай-ақ қызметкерлер жазған құжаттарды редакциялаумен қатар, қазақ тілінде құжат жасау бойынша әдістемелік көмек беріп отырған дербес сектор қызмет етуде.  

Елбасының Жарлығымен қыркүйек айының үшінші жексенбісі Қазақстан халқы тілдерінің күні болып белгіленген. Осы мереке аясында күні кеше Есеп комитетінің барлық құрылымдары арасында «Тіл – татулық тірегі» байқауы өткізілді. Байқауда әр бөлімнен топтар сайысқа түсті. Байқаудың мақсаты қызметкерлердің мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекеттік тілді еркін меңгергендерді ынталандыру болды. Байқауға қатысушылар қазақ тілін білумен қатар, мақал-мәтелдер, қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын да жақсы білетіндіктерін көрсетті. Бұл өскелең ұрпақ үшін өте маңызды. Ғасырлар бойы сақталып келе жатқан салт-дәстүрімізді дәріптеу, кейінгі ұрпаққа жалғастыру біздің азаматтық міндетіміз. Осы арқылы ұрпақтар сабақтастығы жалғасады.

Жалпы айтқанда Егеменді елімізде болып жатқан тың бастамалар, рухани, әлеуметтік-экономикалық, жаңа инновацияларға қатысты болсын қай-қайсысын алып қарасаңда елдің игілігі, елдің өркендеп өсуіне арналған. Елбасы айтқандай «Біздің баға жетпес байлығымыз  - бабаларымыздан қасиет боп қалған, халқымызға өсиет боп қонған береке-бірлігіміз». Сол береке-бірлігіміз сөгілмесін. Тәуелсіздігіміз баянды, елдігіміз тұғырлы болсын!

ТІЛ:Рақмет!

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 22 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату