РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

14.12.2017

Есеп комитетінің Төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібеков Әзербайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Рашад Маммадовпен кездесті

 
Кездесу ағымдағы жылғы қыркүйекте Баку қаласында өткен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржылық бақылау органдары басшылары кеңесінің XVII сессиясы кезінде Есеп комитетінің Төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібеков пен Әзербайжан РеспубликасыЕсеп палатасының Төрағасы Вюгаром Гюльмамедов арасындағы қол жеткізілген өзара іс-қимылды кеңейту туралы уағдаластық шеңберінде өтті.

Нұрмұхамбет Әбдібеков кездесуге қатысушыларды Қазақстанның мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесін реформалау туралы, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының негізгі міндеттер мен функциялар туралы хабардар етті.

Мемлекеттік аудитке көшу шеңберінде Есеп комитеті қызметіндегінегізгі басымдықтар бұзушылықтарды анықтаудан олардың пайда болуын зерттеу мен болашақта олардың алдын алу үшін сындарлы ұсыныстар әзірлеуге ығыстырылғаны атап өтілді.

Өз кезегінде Рашад Маммадов Әзербайжан Республикасы мен Қазақстан Республикасының арасында бұрыннан келе жатқан дәстүрлі достық пен өзара құрметке негізделген жемісті сенімді қарым-қатынас қалыптасқанын баса айтты.

Ол Әзербайжан Республикасы Есеп палатасының қызметтің белгілі бір бағыттары, соның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бюджет қаражатын пайдалануы мәселелері бойынша Есеп комитетінің тәжірибесін зерделеуге қызығушылық танытатынын хабарлады. 

Өз тарапынан Есеп комитетінің Төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібеков Әзербайжан Республикасының Есеп палатасына көрсетілген мәселелер бойынша жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін және ведомстволардың өзара іс-қимылын нығайту өзара тиімді мемлекетаралық қарым- қатынастардың дамуына да ықпал ететінін атап өтті.

Кездесудің соңында екі жақ Қазақстан мен Әзербайжан Республикасының жоғары мемлекеттік аудит органдарының арасында екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі нығаюына үміттенетінін білдірді.
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі
 

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi
Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков
Есеп комитетінің Төрағасы

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 21 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату