РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

14.12.2017

Мемлекеттік аудитор біліктілігін беруге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті

Есеп комитетінде Нұрмұхамбет Әбдібековтің төрағалығымен Мемлекеттік аудитор біліктілігін беруге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның ағымдағы жылғы бірінші отырысы өтті.

Ұлттық комиссияның мүшелеріүміткерлердің кәсіби, іскерлік қасиеттері мен әлеуетті мүмкіндіктеріне баға берді.

Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстары, Алматы қаласы тексеру комиссияларының, 20 қызметкерімен әңгімелесу өткізілді.

Отырыстың қорытындысы бойынша мемлекеттік аудитор біліктілігі   18 үміткерге беріліп, 2 үміткерге беруден бас тартылды.
 
Анықтама ретінде:
 
Мемлекеттік аудитор біліктілігін беруге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия Төрағадан және комиссияның мүшелерінен тұрады. Есеп комитетінің Төрағасы Ұлттық комиссияның Төрағасы болып табылады. Ұлттық комиссияның жұмыс органы - Есеп комитеті.

Ұлттық комиссия Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің, Парламенттің (келісім бойынша) өкілдерінен, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның екі өкілінен  және Есеп комитетінің бес өкілінен тұрады, оның ішінде екеуі облыстар, Астана мен Алматы қалалары тексеру комиссияларының мүддесін білдіреді.
Ұлттық комиссияның оң қорытындысын алғаннан кейін үміткерге «мемлекеттік аудитор» біліктілігі және тиісті сертификат беріледі.
 
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі
 
 

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 51 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату