Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

15.12.2017

Есеп комитеті Ғылыми-әдіснамалық кеңесінің кезекті отырысы өтті

Мемлекеттік аудиторлардың әлеуетін анықтауға, олардың ынталануын арттыруға, аудиторлық іс-шараларды жүргізу сапасын жақсартуға бағытталған  «Мемлекеттік аудиторлар қызметінің тиімділігі рейтингісін айқындау өлшемшарттарының» жобасы қаралып, мақұлданды.

Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарына республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын ағымдағы бағалауды, республикалық бюджеттің атқарылуын кейіннен бағалауды жүзеге асыру бойынша, сондай-ақ тексеру комиссияларының Есеп комитетіне өз жұмыстары туралы ақпарат беруі бойынша өзгерістер енгізу мақұлданды.
Аталған жұмыстардың кейбір заңнамалық актілерге бюджеттік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуге байланысты жүргізілгені баса айтылды.

Сондай-ақ, Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартын қолдану жөніндегі әдіснамалық басшылыққа сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының бақылау сапасын жүзеге асыруы бойынша енгізілген өзгерістер мақұлданды.

«Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық» РМК 2018 жылы өткізуді жоспарлаған зерттеулердің техникалық тапсырмаларының жобалары талқыланып, мақұлданды.

Зерттеулер  республикалық бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілік аудитін, квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің тиімділігі аудитін, Ұлттық банк активтерінің пайдаланылу аудитін жүргізу және пилоттық жобалардың негізінде тестіленген әдіснамалық басшылықтарды әзірлеу арқылы алаяқтықты анықтау әдістерін зерделеу мәселелеріне арналған.
 
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 22 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату