РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

15.12.2017

Есеп комитеті ұжымының Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиыны өтті

Салтанатты жиында Есеп комитетінің Төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібеков ұжымды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтады.

Нұрмұхамбет Әбдібековтің айтуынша өткен жылдарда экономикалық, саяси және әлеуметтік салалардағы ауқымды өзгерістердің нәтижесінде Қазақстан Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен экономикасы серпінді дамып жатқан тұрақты мемлекет ретінде қалыптасты.

«Еліміздің экономикалық, саяси және әлеуметтік салаларында түбегейлі өзгерістер орын алды. Тәуелсіздік жылдары біздің еліміз әлемдік аренада да нығая түсті, біз әлемге ашықтығымызбен, кең пейілділігімізбен, бейбітшілік сүйгіштігімізбен, саяси тұрақтылығымызбен танылдық», - деп қосты Есеп комитетінің Төрағасы.

Нұрмұхамбет Әбдібеков тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерінде Есеп комитеті еңбегінің және қызметкерлерінің үлесі де бар екенін атап өтті.

«Ел тәуелсіздігі кезеңінде Есеп комитеті қалыптасып, бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігін арттыруға және қаржылық тәртіптің нығаюына ықпал ететін жоғары мемлекеттік аудит органы мәртебесін берік бекемдеді», - деді ол.

Салтанатты іс-шара барысында мемлекеттік және ведомстволық наградалар табысталды.

Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достықтың нығаюына қосқан үлесі үшін Есеп комитетінің мемлекеттік аудиторы Шаяхмет Қалдыбаев «Құрмет» орденімен, Есеп комитетінің Әкімшілік бөлімі басшысының орынбасары Болатбек Әліқұлов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. 

Есеп комитетінің, ревизиялық комиссиялардың, сондай-ақ «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық» РМК бірқатар қызметкерлері «Қаржы сақшысы» медаліне, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласының үздігі» және «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласының құрметті қызметкері» төсбелгілеріне, сондай-ақ Есеп комитеті Төрағасының құрмет грамоталарына және алғысхаттарына лайық деп табылды.

Іс-шараның соңында Нұрмұхамбет Әбдібеков барлығына денсаулық, бақыт және жаңа жетістіктер тіледі.

 «Киелі Қазақстан жерінде бейбітшілік пен береке салтанат құрып, біздің Отанымыз – тәуелсіз Қазақстан одан әрі гүлдене берсін!», - деп сөзін аяқтады Есеп комитетінің Төрағасы.
 
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 22 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату