РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

22.12.2017

Қазақстан Республикасы Есеп комитетінің, Қытай Халық Республикасы Ұлттық аудит офисінің және Қырғыз Республикасы Есеп палатасының бірлескен отырысы өтті

Астанада Қазақстан Республикасы Есеп комитетінің, Қытай Халық Республикасы Ұлттық аудит офисінің және Қырғыз Республикасы Есеп палатасының бірлескен отырысы өтті, онда аталған Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау саласында тиімділікті қатар бақылау (аудит) нәтижелері қаралды.

Аудиторлық іс-шара Қазақстан, Қытай мен Қырғызстанның жоғары аудит органдарының арасындағы қатар бақылау іс-шарасын (аудит) өткізу туралы келісімге сәйкес іске асырылды.
ШЫҰ-ға қатысушы елдер шеңберінде алғаш рет өткізілген үшжақты қатар бақылаудың (аудит) үйлестірушісі мен бастамашысы Қазақстан Республикасының Есеп комитеті болды.    

Қатар бақылаудың (аудиттің) мақсаты -  денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдардың және өзге де ұйымдардың мемлекеттік қаражатты пайдалануын тексеру, осы мәселе бойынша мемлекеттік аудит жүргізуде тәжірибе алмасу.

Есеп комитетінің мүшесі Серік Нөгербеков, Пекин муниципалдық аудит офисінің Бас Директорының орынбасары Го Тун және Қырғыз Республикасы Есеп палатасының аудиторы Айжан Садырқұлова баяндама жасады.  

Есеп комитетінің мүшесі Серік Нөгербеков Қазақстан Республикасының  денсаулық сақтау саласын дамыуға бөлінген қаражаттың пайдаланылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу барысында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде дәрілік заттарды сатып алуға жұмсалатын шығыстарды жоспарлау жүйесінің жетілдірілмеуі сияқты бірқатар жүйелі кемшіліктер, медициналық техниканы жоспарлау мен сатып алу  процесін құқықтық регламенттеу мәселелеріндегі олқылықтар, сондай-ақ санитариялық авиация қызметінің жұмысында шұғыл медициналық көмек көрсетуге кедергі келтіретін кемшіліктер анықталғанын атап өтті.

Пекин муниципалдық аудит офисі Бас Директорының орынбасары Го Тун Пекин қаласындағы медициналық мекемелерде аудит барысында анықталған медициналық материалдарды сатып алуға жұмсалатын шығыстарды ішкі бақылаудың нашарлығы, дәрілік заттарды негізсіз есепке алу, тауардың (медициналық препараттардың) бір бірлігінің бағаларындағы айтарлықтай алшақтықтардың болуы сияқты мәселелер туралы қатысушыларды хабардар етті.

Бұдан басқа, клиникалық зертханаға арналған реактивтерді сатып алу, түгендеу, олардың қорларын басқару процестерін тиісінше қамтамасыз етпеу анықталған. Аталған мәселелер медициналық реформалау саясатында қолданылатын, соның ішінде қаржылық өтемақыны қамтамасыз ету, медициналық сақтандыру төлемақысы және медициналық қызмет көрсету бағаларын реттеу мәселелерінде аурухананың шығыстары бойынша ақпараттың анықтығына әсер етті.

 Қырғыз Республикасы Есеп палатасының аудиторы Айжан Садырқұлова Жүрек хирургиясы мен органдарды транспланттау ғылыми-зерттеу институтының (Бішкек қаласы) аудит қорытындысы бойынша кардиохирургия саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелерінде, соның ішінде қаржыландыру бөлігінде  айқын басымдықтардың жоқтығын атап өтті. Айжан Садырқұлованың айтуынша, кардиохирургиялық станционарларды жарақтандырудың бекітілген стандарттары, кардиохирургиялық емдеу бойынша стандарттар мен клиникалық хаттамалар жоқ, денсаулық сақтау жүйесінің қолданыстағы нормативтері кардиохирургиялық қызмет ерекшелігіне байланыстырылмаған. 

Бұдан басқа, жеткіліксіз материалдық-техникалық жарақтандыру фактілері, кардиохирургиялық көмек алуға пациенттердің кеңінен қол жеткізуін қамтамасыз ету мәселелерінде кемшіліктер анықталды.

Жалпы, үш елде жүргізілген қатар бақылаудың (аудиттің) нәтижелері бойынша денсаулық сақтау саласындағы заңнаманың жетілдірілмеуіне, бөлінетін бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына және жоспарлануына, дәрілік заттарды сапасыз есепке алуға, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында бизнес-процестерді жеткілікті түрде оңтайлы ұйымдастырмауға байланысты бірқатар жалпы проблемалық мәселелер анықталды.

Отырыстың қорытындысы бойынша жүргізілген қатар бақылаудың (аудиттің) нәтижелері бойынша жиынтық талдамалық құжатты кейіннен 2018 жылы Қырғыз Республикасында өтетін ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржылық бақылау органдары басшыларының төртінші кездесуінде ұсыну және жоғары аудит органдарының халықаралық бірлестіктеріне жіберу үшін оны бекіту туралы шешім қабылданды.
 
 
Анықтама ретінде:
 
Есеп комитеті қатар тексеруді басқа елдердің жоғары мемлекеттік аудит органдарымен бірге кейіннен оның нәтижелерімен алмаса отырып, келісілген мәселелер мен жүргізу мерзімдері бойынша өзара келісім шеңберінде дербес жүргізеді.
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау саласында тиімділікті қатар бақылауды (аудитті) жүргізу ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің жоғары қаржылық бақылау (аудит) органдары басшыларының үшінші кездесуінің қорытындысы бойынша өткен жылғы мамырда Астана қаласында бекітілген 2016 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында көзделген.
 
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі
 

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 51 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату