Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

15.01.2018

Есеп комитетінің ұжымы Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады

Есеп комитетінің Төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібеков Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің саяси, экономикалық және қоғамдық өміріндегі маңызды оқиға болып табылатынын атап өтті.

«Осы жылғы Жолдау төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы мемлекетті одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша стратегиялық мақсаттарды қамтиды. Ұлт көшбасшысы он түйінді міндет қойған, оларды шешу Қазақстанға дамыған әлеммен бірге келе жатқан озық елдердің қатарына кіруге мүмкіндік береді», - деді Н. Әбдібеков.  

Есеп комитеті Төрағасының айтуынша, Президент қойған міндеттерді жүзеге асыру шеңберінде бюджет қаражатының тиімді және ұтымды пайдаланылуы мәселелері ерекше маңызға ие болады.

«Есеп комитеті жоғары мемлекеттік аудит орган ретінде бюджет қаражатын пайдаланудың ашықтығын, есеп берушілігін және тиімділігін қамтамасыз ету, бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ  аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша бюджетті атқарудың өзекті мәселелерін шешу арқылы Мемлекет басшысының жаһандық мақсаттарына қол жеткізу үшін барлық күш-жігерді жұмылдыруы тиіс», - деп түйіндеді Нұрмұхамбет Әбдібеков.

Талқылаудың қорытындысы бойынша Төраға Есеп комитетінің мүшелеріне және аппарат қызметкерлеріне Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде көзделген іс-шараларды сапалы және уақтылы орындау бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.
 
 
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі
 

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 22 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату