РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

24.01.2018

Есеп комитетінде ЭЫДҰ өкілдерімен кездесу өтті

Кездесу «Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін шолу: бюджеттік реттеудегі үздік халықаралық практиканы имплементациялау жөніндегі стратегия (бюджет саясатын оңтайландыру)» жобасын ЭЫДҰ-ның іске асыруы шеңберінде өтті.  

 ЭЫДҰ өкілдерімен Есеп комитетінің мүшесі Әділғазы Бергенев пен құрылымдық бөлімшілердің басшылары кездесті.

Жоғары мемлекеттік аудит органының мемлекеттік басқару жүйесіндегі рөлі мен орны, оның негізгі міндеттері мен функциялары, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңға сәйкес Есеп комитетіне қосымша жүктелген өкілеттіктер, соның ішінде республикалық бюджет жобасына оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу бойынша өкілеттіктер талқыланды.

Аудиторлық іс-шараларды жоспарлау мен жүргізу, тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалану, сарапшыларды тарту, аудит объектілеріне жолданатын ұсынымдарды әзірлеу, Есеп комитеті қызметінің айқын және ашық болуы мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Бұдан басқа, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, мемлекеттік аудиторларды сертификаттауды өткізу мәселелері қаралды. 

Кездесудің соңында тараптар бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыру және қаржылық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында одан әрі ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.     
        
Анықтама ретінде:

ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) – дамыған елдердің халықаралық экономикалық ұйымы, 1961 жылы құрылған. ЭЫДҰ миссиясы бүкіл әлемдегі адамдардың экономикалық және әлеуметтік әл-ауқатын жақсартатын саясатқа жәрдемдесу болып табылады.
 
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі
 
 
 

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 22 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату