|
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ЕСЕП КОМИТЕТІ |
|
Жаңалықтар - Баспасөз релиздері 05.02.2018 Есеп комитетінің жұмыскерлері ASOSAI WGEA-ның жұмыс отырысы мен семинарына қатысты, Тайланд
Іс-шараларға ASOSAI-ға мүше 23 мемлекеттің жоғары мемлекеттік аудит (бақылау) органдарының өкілдері қатысты.
6-шы Жұмыс отырысының барысында ASOSAI-дың қоршаған ортаға аудит жүргізу жөніндегі сараптамалық командасын құруға, осы тақырып бойынша қатар аудит жүргізуге байланысты мәселелер талқыланды. ASOSAI WGEA-ның 7-ші семинарына қатысушылар қоршаған ортаға аудитті ұйымдастыру мен жүзеге асыру бойынша пікірлермен және тәжірибемен алмасты, сондай-ақ аудиттің осы түрін жүргізу кезінде ІТ-технологияларды қолдану мәселелерін талқылады. Бұдан басқа, күн тәртібінің мәселелері бойынша, соның ішінде қызметтің аталған бағыты бойынша ASOSAI-ға қатысушы елдердің жоғары мемлекеттік аудит (бақылау) органдарының озық тәжірибесіне арналған Қоршаған орта форумы шеңберінде қатысушылардың есептері тындалды. Іс-шаралардың қорытындылары бойынша келесі отырыс пен семинарды 2020 жылы Бутанда, 2022 жылы Қазақстан Республикасында өткізу туралы шешім қабылданды. Анықтама ретінде: ASOSAI (Азия жоғары мемлекеттік аудит органдарының ұйымы) – өзінің құрамында азия және тынық мұхиты өңірінің 46 елінің жоғары қаржылық бақылау органдарын біріктіретін ұйым. 1979 жылы құрылған. ASOSAI-дың жоғары органы болып 3 жылда бір рет өткізілетін Ассамблеяболып табылады. Есеп комитеті ASOSAI-ға 2000 жылдан бастап мүше болып табылады. Есеп комитетінің баспасөз қызметі Оставить комментарий |
|
|