РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

16.02.2018

Төраға Нұрмұхамбет Әбдібеков басқарған Есеп комитетінің делегациясы Беларусь Республикасының жоғары мемлекеттік аудит органына жұмыс сапарымен барып қайтты

Сапар барысында Беларусь Республикасының Мемлекеттік бақылау комитеті Төрағасымен Леонид Анфимовпен кездесу өтті.

Есеп комитетінің делегациясы Беларусь Республикасының жоғары мемлекеттік аудит органы қызметінің негізгі бағыттарымен танысты.
Жұмысты ұйымдастыру мен жоспарлау, соның ішінде қаржылық бақылау (аудит) жүргізуәдіснамасын әзірлеу, мемлекеттік активтерді басқару, бақылау (аудиторлық) іс-шараларының сапа бақылауын жүргізу, бұзушылықтардың алдын алу және оларды жою бойынша ұсынымдарды әзірлеу, олар орындалмаған жағдайда ден қою мәселелері талқыланды.

Тиімділік аудитіне көшу жағдайында қаржылық бұзушылықтарға талдау жасау және анықталған кемшіліктердің экономика салаларының дамуына әсерін бағалау бөлігінде біліммен және тәжірибемен сындарлы алмасу болды.

Бюджет процесіне кез келген қатысушының бюджет қаражатын пайдалануына онлайн-режимде мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін ақпараттық технологияларды қолдану арқылы аудит процестерін автоматтандыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Есеп комитетінің делегациясы Беларусь Республикасы Мемлекеттік бақылау комитетінің Ахуал орталығы қызметімен танысты.

Беларусь жоғары мемлекеттік бақылау органының құқық қорғау органдарымен, бақылау-қадағалау қызметін атқаратын орталық мемлекеттік органдармен және өңірлік құрылымдармен өзара іс-қимылы мәселелері қаралды.  

Сапардың соңында екі жақ Қазақстан мен Беларусьтың жоғары мемлекеттік бақылау (аудит) органдары арасында екіжақты ынтымақтастықты нығайту, сонын ішінде бірлескен және қатар бақылау (аудиторлық) іс-шараларын, аудиторлардың кәсіби деңгейін арттыру мақсатында семинарлар, тренингтер өткізу және өзара практикалық тәжірибе алмасу жолымен нығайту қажеттігі туралы шешім қабылдады.

Бұдан басқа, белорусьтық әріптестер Есеп комитетінің мемлекеттік аудиторларды сертификаттау, олардың біліктілігін арттыру және «мемлекеттік аудит» мамандығы бойынша кадрлар даярлау жүйесін енгізу мәселелеріндегі тәжірибесін пайдалануға қызығушылықтарын білдірді.    

Қазақстанның Есеп комитеті үйлестірушісі болып табылатын  Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) қатысушы елдер жоғары мемлекеттік аудит (бақылау) органдарының ЕАЭО органдарына 2018 жылы сыртқы аудит жүргізуінің мерзімдері талқыланды.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі
 

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 22 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату