РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

20.02.2018

Есеп комитетінде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тексеру комиссиялары төрағаларының қатысуымен кеңес өтті

Кеңес барысында тексеру комиссияларының 2017 жылғы қызметінің қорытындылары, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған міндеттері талқыланды.

Есеп комитетінің Төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібеков тексеру комиссиялары қызметінің негізгі қорытындыларын жариялап, 2016 жылмен салыстырғанда жекелеген көрсеткіштер бойынша 2017 жылы оң серпінге қол жеткізілгенін атап өтті.  

Тексеру комиссиялары анықтаған бұзушылықтардың жалпы сомасы 1 046,9 млрд.теңгені құрады, аудит объектілеріне жолданған ұсынымдар мен тапсырмалардың шамамен 97%-ы орындалды.  

Аудит қорытындылары бойынша бюджет және өзге заңнаманы бұзғаны үшін 19 адам қылмыстық, 792 адам әкімшілік, 2872 лауазымды адам тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Сонымен бірге, Нұрмұхамбет Әбдібековтің айтуынша, тексеру комиссияларының қызметінде олардың жұмысының тиімділігіне әсерін тигізген бірқатар проблемалар мен кемшіліктер бар.

Есеп комитетінің Төрағасы мемлекеттік аудит жүйесін одан әрі дамыту бойынша Мемлекет басшысы қойған негізгі міндеттерді атап өтті.
Тексеру комиссияларының кадрлық әлеуетінің жай-күйіне, соның ішінде кадрлардың ауысуы мәселелеріне, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау, аудиторлардың кәсіби және моральдық-этикалық қасиеттеріне қойылатын талаптарды қатаңдату бойынша тиімді шаралар қабылдау қажеттігіне ерекше көңіл бөлінді.  

Отырыс барысында «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» ҚР Заңына енгізілген, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесін жетілдіруге, құқықтық олқылықтарды жоюға, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған өзгерістер мен толықтырулар да талқыланды.

Кеңес қорытындылары бойынша тексеру комиссияларының төрағаларына кемшіліктерді жою, аудиторлық іс-шараларды жүргізу кезінде талдамалық құраушыны күшейту, соның ішінде тиімділік аудитінің типі бойынша күшейту және бюджет қаражатының пайдаланылуын бағалау шараларын қабылдау тапсырылды.
 
Анықтама ретінде:

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңның 12-бабына сәйкес Есеп комитеті сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың уәкілетті органдарының жұмысын үйлестіру үшін, оның ішінде басқа да мемлекеттік органдармен немесе ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау бойынша құқықтық актілер қабылдайды;тексеру комиссияларына әдістемелік көмек көрсетеді;орталық мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауда тексеру комиссияларының атынан олардың мүддесін білдіреді; Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мәслихаттарына тексеру комиссиясының төрағасын тағайындауға ұсыныс енгізеді; мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметіне бағалауды жүзеге асырады. 
 
 Есеп комитетінің баспасөз қызметі
 

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 22 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату