РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

23.02.2018

20-22 ақпанда Есеп комитетінің мамандары «Жоғары мемлекеттік аудит (бақылау) органдары қызметінің тиімділігін бағалау практикасында сапалы көрсеткіштердің маңыздылығы» тақырыбында Баку қаласында (Әзірбайджан Республикасы) өткен семинарға қатысты

XVII мен XVIII сессиялар аралығындағы кезеңге ТМД-ға қатысушы елдердің  ЖҚБО басшылары Кеңесінің жұмыс жоспарына сәйкес өткізілген семинарға Әзербайжан Республикасының, Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының жоғары мемлекеттік аудит органдарының өкілдері де қатысты. 

Семинар барысында жоғары мемлекеттік аудит (бақылау) органдары қызметінің тиімділігін бағалау кезінде қолданылатын қол жеткізілген нәтижелер деңгейін өлшеуге бағытталған  көрсеткіштер мен өлшемшарттар талқыланды.

Қатысушылар Есеп комитетінің аудиторлық іс-шараларға сапа бақылауын жүргізу, аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметін бағалау, сондай-ақ осы саладағы тиісті құқықтық базаны әзірлеудегі қазақстандың тәжірибеге қызығушылық  тудырды.

Қатысушы жақтар осы мәселелер бойынша тәжірибемен алмасу және ынтымақтастықты кеңейту қажеттігін жалғастыру туралы келісті.
 
Анықтама ретінде:
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржы бақылау органдары басшыларының кеңесі 2000 жылы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ЖҚБО арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, олардың өзара іс-қимылын үйлестіру мен жұмыс тәжірибесін бөлісу үшін құрылды.
 
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 22 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату