Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

28.02.2018

Есеп комитетінің мамандары 27 ақпанда Ресей Федерациясының Есеп палатасы ұйымдастырған бейнеконференция режиміндегі жұмыс семинарына қатысты

XVII және XVIII сессиялар арасындағы кезеңге ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Жоғары қаржылық бақылау органдары (ЖҚБО) басшылары кеңесінің Жұмыс жоспарына сәйкес өткізілген семинарға Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей және Тәжікстан  жоғары мемлекеттік аудит (бақылау) органдарының өкілдері қатысты.

Әріптестер Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есебіне қорытынды дайындау тәжірибесімен бөлісті.  

Атап айтқанда,  қорытындының құрылымы мен мазмұны, оны ұсыну мерзімдері мен рәсімі, қаржы тәртібін арттыру және бюджеттің атқарылу процесін жетілдіру бойынша тиісті ұсынымдарды әзірлеу мәселелері талқыланды.

Жоғары мемлекеттік аудит (бақылау) органдарының қызметінде бұзушылықтар сыныптауышын пайдалану практикасы жан-жақты қаралды.

Сыныптауышты пайдалану аудиторлық (бақылау) іс-шаралары барысында анықталатын бұзушылықтарды айқындау, сондай-ақ оларды жою нәтижелері туралы есептілікті қалыптастыру кезінде бірыңғай тәсілді қамтамасыз ететіні атап өтілді.  
 
 
Анықтама үшін:
 
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Жоғары қаржылық бақылау органдары (ЖҚБО) басшыларының кеңесі 2000жылы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ЖҚБО-лары арасындағы ынтымақтастықты ұйымдық қамтамасыз ету,  олардың өзара іс-қимылын үйлестіру және жұмыс тәжірибесімен алмасу үшін құрылды.   
 
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі
 

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 22 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату