РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

01.03.2018

Есеп комитетінің Ғылыми-әдiснамалық кеңесінің отырысы өтті

Наталья Годунованың төрағалығымен өткен отырысқа Қаржы министрлігінің өкілдері де қатысты.

Мемлекеттік аудит органдарының жұмысын регламенттейтін бірқатар нормативтік құжаттардың өзгерістері мен толықтырулары талқыланды.  

Атап айтқанда, Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметіне бағалау жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартының жобасы (бұдан әрі - Рәсімдік стандарт) және Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар).

Стандарттар аудиторлық іс-шараларды жүргізуге бірыңғай талаптарды белгілейтіні, нәтижесінде бұл олардың тиімділігі мен объективтілігін арттыруға ықпал ететіні атап өтілді.

Рәсімдік стандартқа түзетулер сыртқы мемлекеттік аудит органдарының жұмыс сапасын арттыру үшін жүргізілетін олардың    қызметін бағалауға тәсілдерді жетілдіру мақсатында енгізілді.

Қағидалардың өзгерістері аудиторлық іс-шараларды жоспарлау және жүргізу процестерін жақсартуға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін  тексерілетін объектімен аудиторлардың тікелей байланысын барынша азайтуға бағытталған.

Отырыстың қорытындысы бойынша айтылған ескертулер мен ұсыныстарды есепке ала отырып, қаралған құжаттардың жобаларын жетілдіру жөнінде шешім қабылданды.
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі
 

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 22 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату