Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

01.03.2018

Есеп комитетінің Төрайымы Наталья Годунованың Парламент Сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі өтті

Кездесу барысында бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету және бұзушылықтарға жол бермеу жөніндегі алдын алу шараларын қабылдау бойынша Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы орындау мақсатында Есеп комитетінің Парламент Сенатымен одан әрі өзара іс-қимылы  мәселелері талқыланды. 

Сонымен бірге, бұзушылықтарға жол берген лауазымды адамдардың қолданыстағы заңнамада көзделген жауаптылыққа тартылуға тиістігі баса айтылды.

Сондай-ақ, Есеп комитетінің үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет жобасына алдын ала бағалау және өткен қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебіне қорытынды дайындау мәселесі талқыланды.     

Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелері тиімсіз шығыстардың жоспарлануына жол бермеуге және неғұрлым басым міндеттерге бюджет қаражатының резервтерін іздестіруге ықпал ететіні атап өтілді.

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заң нормаларын тиісінше іске асырудың, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметін әлемдік практикаға сәйкес одан әрі жетілдірудің маңыздылығы айтылды.

Кездесудің соңында Наталья Годунова Есеп комитеті Парламентпен бюджеттің тиімді жоспарлануы мен атқарылуына заңнамалық деңгейде ықпал ететін сындарлы өзара іс-қимыл жасасуға дайын екенін баса айтты.
 
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 22 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату