Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

02.03.2018

Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті

Есеп комитетінде Наталья Годунованың төрағалығымен Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті.

Есеп комитетінің Төрайымы  «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуімен Ұлттық комиссияның құрамы 14 адамға дейін ұлғайғанын атап өтті.   

Ұлттық комиссияның мүшелері – Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің, Есеп комитетінің, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның өкілдері және Парламент депутаттары болып табылады.

«Ұлттық комиссия мүшелерінің міндеті – кандидаттардың кәсіби және әдеп сапаларын жан-жақты, объективті бағалау. Мемлекеттік аудит органдарының кадрлық әлеуетін нығайту  республикалық бюджет қаражатының жұмсалу тиімділігін арттыруға, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыруға ықпал ететін болады», - деп атап өтті Наталья Годунова.

Есеп комитетінің, Ақмола, Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары бойынша тексеру комиссияларының, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы  министрліктерінің, Қорғаныс министрлігі Бас қаржы инспекциясының, Ішкі істер министрлігінің Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары мен Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменттерінің,Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 29 маманымен әңгімелесу өткізілді.

Отырыстың қорытындысы бойынша  «мемлекеттік аудитор» біліктілігі 19 кандидатқа беріліп, 10 кандидатқа беруден бас тартылды.
 
Анықтама үшін:

Сертификаттауды Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия жүргізеді, оның құрамына Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен бір өкіл, Қазақстан Республикасының Үкіметінен бір өкіл, Есеп комитетінен бес өкіл, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органнан бес өкіл, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары (келісу бойынша) кіреді.

Есеп комитеті Ұлттық комиссияның жұмыс органы болып табылады, ол берілген ұсыныстар негізінде саны кемінде он төрт адам болатын комиссияның дербес құрамын бекітеді.

Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау олардың білімін растауды және мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларында айқындалатын тәртіппен әңгімелесуді қамтиды.
           

 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 22 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату