РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

07.03.2018

Есеп комитетінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиын өтті

Есеп комитетінің Төрайымы Наталья Годунова ұжымды келе жатқан мерекемен құттықтап, денсаулық, махаббат, бақыт, отбасына береке және еңбекте табыстар тіледі.

Наталья Годунова бүгінгі күні Қазақстанның әйелдері отбасының ұйтқысы ғана емес, болып жатқан өзгерістердің белсенді қатысушылары болып та табылатынын атап өтті. Бұл, Төрайымның ойынша, мемлекеттің демократиялық негіздерінің нығаюының көрсеткіші, әйелдердің теңқұқылы екені іс жүзінде танылғанда, олардың өзін көрсетуіне және шығармашылық қабілеттерінің ашылуына жағдайлар жасалады.  

«Ағымдағы жылғы 5 наурызда Ұл көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев айтқан  5 әлеуметтік бастаманың қазақстандық әйелдердің мүдделерін қорғауға және қолдауға бағытталғанын да атап өткім келеді», - деді ол.

Наталья Годунованың айтуынша, нәзік жандар мемлекеттік қызметті қоса алғанда, экономика, жеке бизнес, білім беру, денсаулық сақтаудың әртүрлі салаларында жұмыс істейді. Елдегі мемлекеттік қызметшілердің 55%-ынан астамын әйелдер құрайды.

«Есеп комитеті қызметкерлерінің шамамен 40%-ы әйелдерді құрайды, олар түйінді құрылымдық бөлімшелерді басқарады, мемлекеттік аудиторлар ретінде ер азаматтармен қатар тұрып, бюджетті қорғауда. Осындай жауаптылыққа қарамастан, біздің әріптестер бәріне үлгереді: тұрмыс құрады, өмірге бала әкеледі, қосымша білім алады. Сонда да нәзік, әдемі болып қала береді»,-деп атап өтті Есеп комитетінің Төрайымы.  

Ерекше алғыс сөздер мемлекеттік аудиттің отандық жүйесін дамытуға елеулі үлес қосқан  Есеп комитетінің ардагер әйелдеріне арналды.
Іс-шара соңы мекеменің ер азаматтары дайындаған мерекелік концертпен ұласты.
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 51 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату