РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

13.03.2018

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы А. Шпекбаев және Есеп комитетінің Төрайымы Н. Годунова өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Келісім Есеп комитетінің және аудиторлық мекемелердің қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды алдын алуға және оларға ықпал ететін себептерді жоюға бағытталған.

Ынтымақтастық мемлекеттік аудиттің жұмысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы, оның ішінде ведомстволық ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы ақпарат алмасуды, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерде және ұйымдастырушылық-басқару процесстеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша Есеп комитетінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуді көздейді.

Сонымен бірге, аталған құжатқа сәйкес, Есеп комитетінің және аудиторлық мекемелерінің қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністерін анықтауға және ескертуге бағытталған іс-шараларды өткізу көзделген.

Бұдан басқа, Агенттік пен Есеп комитеті мемлекеттік қызметтің имиджін көтеруге және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған семинарларды (дәрістерді, тренингтерді, техникалық оқытуларды) және бірлескен іс-шараларды өткізуге келісті.

Екі жақтың өзара әрекеттестігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және бюджет қаражатын тиімді пайдалануы бойынша тексеру жұмыстардың сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 51 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату