Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

30.03.2018

Наталья Годунованың төрағалығымен Есеп комитетінің Ғылыми-әдiснамалық кеңесінің отырысы өтті

Есеп комитеті 2019-2021 жылдары өткізуге жоспарланған талдамалық зерттеулер тақырыптарын талқылап, мақұлдалды.

Зерттеу тақырыптары Мемлекет басшысының экономиканы цифрландыру, жекешелендірудің үшінші толқынын іске асыру, халықтық IPO-ны енгізу, салынған бюджет қаражатының қол жеткізілген нәтижелерге мөлшерлестігін бағалау және бюджеттен тыс қорлар қаражатын ұтымды басқару бойынша тапсырмалары ескеріле отырып айқындалды.

Есеп комитетінің қызметін бұзушылықтардың себептерін анықтауға бағытталған тиімділік аудитіне қайта бағдарлау, оларға жол бермеу бойынша пәрменді ұсынымдар жасау мақсатында бірқатар зерттеулер жоспарланғаны  атап өтілді.

Зерттеулердің практикалық іске асыруға бағдарланғаны баса айтылды.Олардың қорытындылары бойынша аудиторлық іс-шаралар жүргізу үшін пайдаланылатын әдіснамалық басшылықтар әзірлеу болжанып отыр.

Ғылыми-әдiснамалық кеңестің мүшелері 2019 жылға арналған курстардың (семинарлардың) тақырыптарын да қарады.Оқыту Есеп комитеті мамандарының кәсіби деңгейін арттыруға, соның ішінде талдамалық жұмыс дағдыларын қалыптастыру бөлігінде арттыруға ықпал ететін болады.

Баға белгілеу аудитін, сондай-ақ мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышты басқару аудитін жүргізу мәселелері бойынша 2018 жылға арналған қосымша зерттеулердің техникалық тапсырмалары талқыланды және бекітілді.

Бұдан басқа, Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар мақұлданды.Өзгерістер аудиторлық іс-шараларды жоспарлау және жүргізу процестерін жақсартуға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту үшін  тексерілетін объектімен аудиторлардың тікелей байланысын азайтуға бағытталған.
 
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі
 

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 22 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату