РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

02.04.2018

Есеп комитетінің кезекті отырысы өтті

Кезекті отырыста «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге бөлінген қаражаттың пайдаланылуының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылды.

Аудиттің қорытындылары бойынша бюджет қаражаты мен активтерін тиімсіз пайдалану фактілері анықталған жоқ. Дегенмен, аудит барысында бірқатар қаржылық бұзушылықтар анықталды. Олардың негізгі бөлігі бухгалтерлік есепте қаржылық операцияларды дұрыс көрсетпеумен байланысты, ол кемшіліктер тексеру барысында жойылды.

Жобалау-сметалық құжаттамадан көлемі мен сапасы жағынан ауытқи отырып орындалған құрылыс және монтаждау жұмыстарына ақы төлеуге қатысты қалған қаржылық бұзушылықтар, сондай-ақ мердігер ұйымдардың дебиторлық берешегінің пайда болуы 2,6 млрд. теңгені немесе аудитпен қамтылған соманың 0,4%-ын құрады. Аудит объектілері оларды жою бойынша жұмыстар жүргізуде. Бүгінгі күнге ақшалай қаражатпен және жұмыстарды орындау арқылы жалпы соманың 0,4 млрд. теңгесі өтелді және қалпына келтірілді.

Сондай-ақ сомасы 10,9 млрд. теңгеге қаражатты тиімсіз пайдалану фактілері анықталды. Оның 9,8 млрд. теңгесі «Компания АДС» ЖШС-ның берешегі болып табылады, оның басшылығы мен жауапты адамдары қылмыстық жауаптылыққа тартылды. 2017 жылғы қыркүйекте көрсетілген берешекті өндіріп алу туралы сот шешімі шықты.

Сомасы 1,1 млрд. теңгеге әзірленген Өнер орталығы-J2 құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттама көрмені өткізуге арналған шығындарды оңтайландырумен байланысты іске асырылмаған.

Алты халықаралық павильонда құжаттар тиісінше ресімделместен, жабдық, жиһаз, орнатымдар және басқа да мүліктер кейінгі пайдалануға жарамсыз күйде демонтаждалған. 

Сондай-ақ, Ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысын алған, көрменің 13 объектісін салуға арналған жобалау-сметалық құжаттамада сметалық және мемлекеттік нормативтерді асыру фактілері тіркелген. Сарапшылық ұйымдарға қатысты тиісті ден қою шараларын қабылдау үшін, аталған мәселе бойынша материалдар ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс істері комитетіне және басқа да мемлекеттік органдарға жолданды.  Есеп комитеті отырысының қорытындылары бойынша Үкіметке тиісті ұсынымдар берілді.

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ-ға анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау, бюджет және өзге де заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етпеген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау тапсырылды, сондай-ақ басқа да бірқатар тапсырмалар берілді.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі
 

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 51 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату