РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

04.04.2018

Есеп комитетінің мүшесі Иманжүсіп Ақпомбаев EUROSAI-дың апаттардың алдын алуға және олардың зардаптарын жоюға бөлінген қаражатқа аудит жүргізу жөніндегі жұмыс тобының ІV отырысына қатысты

Кишинев қаласында (Молдова Республикасы) өткен отырысқа Албанияның, Беларусьтің, Болгарияның, Қазақстанның, Молдованың, Польшаның, Сербияның, Түркияның, Украинаның жоғары мемлекеттік аудит органдарының өкілдері қатысты.

Табиғи және техногендік апаттардың алдын алу және олардың зардаптарын жоюға, тиісті нормативтік құқықтық базанықалыптастыру мен жетілдіруге бөлінетін қаражаттың пайдаланылуына аудит жүргізумәселелері бойынша сындарлы пікір алмасу болды.

Су тасқынына қарсы қорғану жүйесін дамыту және оның жұмыс істеу тиімділігіне аудит жүргізу әдіснамасы әзірлеу проблемаларына ерекше көңіл бөлінді. Украинаның,  Молдованың және Түркиянын ЖМАОосы мәселе бойынша өз тәжірибесін ұсынды.  

Есеп комитетінің мүшесі Иманжүсіп Ақпомбаев отырыстың негізгі тақырыбы бойынша сөз сөйледі.Ол Қазақстан Республикасында қабылданып жатқан төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары туралы қатысушыларды хабардар етті.  Иманжүсіп Ақпомбаев аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары Есеп комитеті аппаттардың туындау тәуекелдерін басқарудың пәрменді құралдарын құру және уәкілетті мемлекеттік органдардың жедел ден қоюын арттыру бойынша нақты ұсынымда әзірлеп жатқанын баса атап өтті. 
 
Анықтама ретінде:

EUROSAI-дың апаттардың алдын алуға және олардың зардаптарын жоюға бөлінген қаражатқа аудит жүргізу жөніндегі жұмыс тобы EUROSAI-дың 2014 жылғы маусымда өткен IХ конгресінде құрылған.

Жұмыс тобын құруға осыған дейін EUROSAI-дың экологиялық аудит жөніндегі жұмыс тобының  табиғи, техногендік апаттар және радиоактивтік қалдықтар аудиті жөніндегі арнайы кіші тобының үш жыл бойғы (2006 - 2008 жылдары), сондай-ақ EUROSAI-дың апаттардың алдын алуға және зардаптарын жоюға бөлінген қаражатқа аудит жүргізу жөніндегі арнайы тобының алты жыл бойғы (2008 - 2014 жылдары) қызметі ықпал етті. 
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 22 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату