Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

05.04.2018

Есеп комитетінің мамандары түйінді ұлттық көрсеткіштер бойынша ИНТОСАИ жұмыс тобының 11-отырысына және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ЖМАО басшылары кеңесінің сарапшылық тобының 11-отырысына қатысты

ИНТОСАЙ-дың жұмыс тобына 15 мемлекеттің жоғары мемлекеттік аудит органдарының (ЖМАО), сондай-ақ бірқатар халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Отырыс барысында түйінді ұлттық көрсеткіштерді (ТҰК) әзірлеу мен пайдалану мәселелері бойынша тәжірибе және білім алмасу болды.
ТҰК-тің экономиканың жағдайын сипаттап қана қоймай, халықтың өмір сүру деңгейін арттыру бойынша іс-шаралардың тиімділігін айқындаудың маңызды құралы болып табылатыны атап өтілді.  

Есеп комитетінің өкілдері бағдарламалық құжаттардың мақсаттарына сәйкес мемлекеттік қаржының жағдайы мен салалардың даму қарқынын бағалауға мүмкіндік беретін өлшемшарттарды сараптамалық-талдау қызметінде пайдалану туралы баяндама жасады.  
Жұмыс қорытындылары бойынша ИНТОСАЙ жұмыс тобының 2018 жылға арналған жоспары мақұлданды. Келесі отырысты  2019 жылы Словак Республикасында өткізу туралы шешім қабылданды.   

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ЖМАО басшылары кеңесінің сарапшылық тобының отырысы барысында 2017 жылғы қызмет қорытындылары қаралды, сондай-ақ 2018-2019 жылдарға арналған жұмыс жоспары бекітілді.  

Топтың қатысушылары ЖМАО қызметінде ТҰК-ті пайдалану мәселелерін талқылады. Көрсеткіштерді пайдалану әлеуметтік-экономикалық дамудың стратегиялық құжаттарының іске асырылуына толық бағалау жүргізуге ықпал ететіні атап өтілді.
 
 
Ақпарат ретінде:
 
ИНТОСАИ-дың Түйінді ұлттық көрсеткіштер бойынша жұмыс тобы 2007 жылы Мехико қаласында өткен ИНТОСАИ XIX Конгресінің шешімімен құрылған. Ресей Федерациясының Есеп палатасы жұмыс тобының Төрағасы болып табылады. Жұмыс тобының миссиясы - ұлттық және халықаралық деңгейде экономика, экология және әлеуметтік салаларда маңызды ұлттық көрсеткіштерді әзірлеуге және қолдануға жәрдемдесу.
ИНТОСАИ –  194 елдің ЖМАО-ларын толық құқықты мүшелер ретінде және 5 елдікін байқаушылар ретінде біріктіретін жоғары мемлекеттік аудит органдарының халықаралық ұйымы. Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтасатын мекеме дәрежесі бар. 1953 жылы құрылған. Есеп комитеті 2000 жылдан бастап ИНТОСАИ мүшесі болып табылады.
 
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ЖҚБО басшылары кеңесінің Түйінді ұлттық көрсеткіштер жөніндегі сарапшылық тобы 2008 жылғы қыркүйекте Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) өткен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Жоғары қаржылық бақылау органдары басшыларының VIII сессиясының шешімі бойынша  құрылған.
 
Топтың қызметі ИНТОСАИ-дың түйінді ұлттық көрсеткіштер жөніндегі жұмыс тобының шеңберінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ЖҚБО басшылары кеңесінің өңірлік пилоттық жобасының іске асырылуына жәрдемдеседі.
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі
 
 
 
 
 
 
 

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 22 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату