Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

БАҚ Есеп комитеті туралы

15.03.2018

Қаржы министрлігі бюджет жобасын алдын ала бағалаудағы проблемаларды атады, Қазақпарат

Ведомстволар арасында бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуына мониторинг қорытындылары бөлігінде ақпарат алмасу дұрыс жүргізілмейді. Бұл туралы Сенатта бюджеттің орындалуын бақылау тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысында ҚР Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өткен жылы тәжірибе жүзінде іске асырылған шаралар бюджет жобасын алдын ала бағалау қадамы маңызды әрі қажетті тетік екенін көрсетті. Осы орайда бюджет шығыстарының нақтылығын айқындаумен қатар, стратегиялық және бюджеттік жоспарлауды жетілдірудің әрі үйлестірудің тиімді құралы ретінде танылды. Сонымен бірге, бағалау бірқатар маңызды проблемаларды анықтады. Біріншіден, соңғы 10 жылда енгізілген нәтижелерге бағдарланған бюджеттеу элементтері толық шамада жұмыс істемейді және күтілетін бастапқы нәтижені бермей отыр. Екіншіден, бюджеттік жоспарлаудың стратегиялыққа қарағанда басым болуы байқалуда», - деп тоқталды Т. Савельева.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, стратегиялық жоспарлардың мақсаттарына жетудің тиімділігін бағалауды жүргізу мен бюджет бағдарламаларының көрсеткіштері және бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру мониторингі мерзімі бюджеттің лимиттері мен жобасын қалыптастыру уақытымен сәйкес келмейді.

Сонымен қатар ол Парламентке енгізілетін бюджет жобасын алдын ала бағалау аясында Есеп комитеті ұсынымдарының ескерілмейтінін сөз етті. Оның пайымынша, бұл проблемалардың өзіндік себептері де бар. Бұл тұрғыда бірінші себеп мемлекеттік қызметте білікті кадрлардың тапшылығына, оның ішінде квазимемлекеттік секторға кадрлардың ауысуына байланысты болып отыр.

«Нәтижесінде, бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша тиісті проблемалар байқалып отыр. Яғни нақты мақсаттарды қоя алмау, тиімділік пен нәтижелілік көрсеткіштерді айқындай алмау, бюджеттік өтінімдердің сапасы мен толықтығы деңгейінің жеткіліксіздігі сияқты мәселелер бар. Екіншіден, орталық мемлекеттік органдардың да, сол сияқты өңірлердің төмен материалдық-техникалық базасы ықпал етуде. Осы орайда ағымдағы міндеттерді шешу барысында ұзақ мерзімді дамудың мақсаттары орындалмайды», - деді Татьяна Савелева.

Мұнымен қоса ол бюджет процесінің барлық кезеңдерінде нәтижелерге емес, шығыстарды қорғауға екпін қойылып келе жатқанын сөз етті. «Атап өтер жайт, Қаржы министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, Есеп комитеті арасындағы аудит, тиімділікті бағалау және бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуына мониторинг қорытындылары бөлігінде ақпарат алмасудағы қиындықтар кездеседі», - деп түсіндірді ол.

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 22 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату