Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

09.04.2018

Эстония Мемлекеттік аудит офисінің сарапшылары Қазақстан Республикасы Есеп комитетінің қызметін тексерудің бірінші кезеңін жүзеге асырды

Есеп комитеті  Қазақстанның жоғары мемлекеттік аудит органы қызметінің халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында дәрежесі бойынша тең тексеру жүргізуге бастамашылық жасаған болатын.

Тексеру алдында Мемлекеттік аудит офисінің өкілдері  Есеп комитетінің Төрайымы Наталья Годуновамен кездесті. Кездесу барысында тексеру жүргізудің мақсатын, әдістері мен тәртібін регламенттейтін Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Эстониялық әріптестер сенім білдіргені және Қазақстанның жоғары мемлекеттік аудит органы қызметіне сыртқы тәуелсіз бағалау жүргізуді ұсынғаны үшін Есеп комитетінің Төрайымына алғыс айтты.

Өз кезегіндеНаталья Годунова тексерудің нәтижелері бойынша әзірленген ұсынымдардың үздік әлемдік практикаға сәйкес Есеп комитетінің қызметін жетілдіруге ықпал ететініне үміт артатынын білдірді.

Бірінші кезең барысында Эстония Мемлекеттік аудит офисінің сарапшылары Есеп комитетінің қызметін жоспарлау мен ұйымдастыру, әдіснамалық қамтамасыз ету, ішкі сапа бақылауын жүргізу және ақпараттық жүйелерді қолдану мәселелерін зерделеді.

Эстониялық әріптестер аудиторлық іс-шаралар жүргізу, соның ішінде дәлелдемелер базасын жинау, тиісті есептер мен қорытындылар дайындау, ұсыныстар әзірлеу мәселелеріне ерекше көңіл бөлді.

Дәрежесі бойынша тең тексерудіңкелесі кезеңі ағымдағы жылғы маусымда өткізілетін болады.
 
 
Анықтама ретінде:
 
Дәрежесі бойынша тең тексеру – жоғары қаржылық бақылау органдарының әлемдік қоғамдастығында қолданылатын, тексерушілер бір-біріне қатынасы бойынша мәртебесі мен өкілеттіктері тең әріптестер болып табылатындықтан, тәуелсіздікті сақтай отырып қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету қағидатын ұстануға мүмкіндік беретін жұмыс нәтижелерін бағалаудың тиімді тетіктерінің бірі.
 
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 22 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату