Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

12.04.2018

Есеп комитетінің кезекті отырысы өтті

1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетіне, оның ведомстволық бағынысты мекемелері мен квазимемлекеттік сектордағы кәсіпорындарына табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға арналған жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген қаражаттың пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылды.

Комитеттің уәкілетті орган ретінде азаматтық қорғаныс саласында жүйелі шаралар қабылдап жатқаны аталып өтілді.

Аумақтарды тасқыннан, селден және көшкіннен қорғау деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар, оның ішінде Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарын тасқыннан қорғауды қамтамасыз ететін Көксарай суреттегішін және Астана қаласын  Есіл өзенінің тасуынан су басудан қорғайтын тасқынға қарсы қорғаныс кешенін салу бойынша іс-шаралар іске асырылды.

Төтенше жағдайларға жедел медициналық ден қою жүйесі жетілдірілді. Атап айтқанда, бөлімшелік теміржол станцияларының және оларға іргелес орналасқан ауылдардың тұрғындарына медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін мамандырылған емдеу-диагностикалық поездары жіберілді, 40 трассалық медициналық-құтқару пункті құрылды, көпфункционалды санитариялық-эвакуациялық тікұшақтар сатып алынды.

 Сонымен қатар, мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарының өрт техникасымен, арнайы және авариялық-құтқару жабдығымен нашар жарақтандырылғаны, қауіпті табиғи құбылыстардың әсер етуінен қорғайтын қорғаныс құрылыстарын жөндеудің және оларды салудың жеткіліксіз қаржыландырылғаны анықталды. Сондай-ақ, төтенше жағайлардан болған залалды жоюға және өтеуге бағытталатын қаражат көлемі олардың алдын алуға қажетті қаражат сомасынан бірнеше есе артық.

Осыған орай, бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында Қаржы министрлігіне жүктелген функцияларын тиімді атқару үшін Комитетті тиісінше қаржыландыру мәселесін қарау, Ішкі істер министрлігіне төтенше жағдайлардың туындауын болдырмау үшін жергілікті атқарушы органдардың қаржылық мүмкіндіктерін пайдалану бөлігінде олармен өзара іс-қимылды күшейту тапсырылды.

Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті органдар қызметінің мәселелерін реттейтін номативтік актілерді жетілдіру қажеттігі атап өтілді.
Мәселен, уәкілетті орган кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің және құралымдарының құтқарушыларына авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар жүргізуге шығу үшін күту және үнемі даярлық режимінде болғаны үшін үстемеақы төлеудің айқын тетігін әзірлемеген.

«Қазавиақұтқару» АҚ-ның бірдей авиациялық қызметтерге әртүрлі тарифтерді қолдануы әуе кемелерінің ұшу сағатының және кезекшілігінің құнын (тарифін) есептеудің бірыңғай әдістемесін әзірлеуді талап етеді.

Құқықтық олқылықтарды жою үшін Ішкі істер министрлігіне  кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің және құралымдарының құтқарушыларына үстемеақы төлеудің тәртібін белгілеу бөлігінде заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу, сондай-ақ «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемелерінің ұшу сағатының және кезекшілігінің құнын (тарифін) есептеудің әдістемесін әзірлеу бойынша шаралар қабылдау  тапсырылды.
Сонымен қатар, өнім берушінің қызметтерді жосықсыз көрсетуінен және мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің бұзушылықтарына жол берілуінен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюдың корпоративтік ақпараттық-коммуникациялық жүйесін құрудың тоқтатылғаны анықталды. Оны әзірлеуге         3,1 млрд. теңгеден артық қаражат шығындалды, бұл бюджет қаржатын тиімсіз пайдалану болып табылады. Осыған орай, Комитетке сатып алынған жабдыққа және бағдарламалық қамтылымға оларды одан әрі пайдаланудың орындылығы және техникалық-экономикалық негіздемесін түзетудің ықтималдығы тұрғысынан сараптама жүргізу тапсырылды.

Білім беру ұйымдары болып табылмайтын облыстардың, Астана және Алматы қалаларының төтенше жағдайлар департаменттері өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметтерінің өрт қауіпсіздігін, азаматтық қорғанысты, халықты және аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғауды қамтамасыз ету саласындағы мамандарды кәсіби даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды, соның ішінде олардың негізгі функцияларын орындауына бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асыратыны атап өтілді.

Сонымен қатар, жалпы сомасы 3 173,0 млн.теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталып, оның 3 165,0 млн.теңгесі немесе 99,7%-ыаудит барысында қалпына келтірілді (өтелді).

Есеп комитеті отырысының қорытындысы бойынша Ішкі істер министрлігіне және Төтенше жағдайлар комитетіне анықталған бұзушылықтарды жою, бюджет және өзге де заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етпеген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау бойынша тапсырмалар берілді.

2.  «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының мерзімі 2019 жылға дейінгі«Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» жобасы шеңберінде энергетикалық инфрақұрылымды нығайтуға бағытталған үшінші бағытының  іске асырылу барысының тиімділігіне  жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылды.

Мемлекеттік бағдарламаның аталған бағытында көзделген іс-шаралардың іске асырылу тиімділігі атап өтілді.

Мәселен, Ұлттық электр желісінің жүйелік операторы- «KEGOC» АҚ   700 километрден аса жоғарывольтті желілерді пайдалануға енгізген, жаңадан «Семей» қосалқы станциясынсалған, «Өскемен», «Екібастұз» және «Шүлбі СЭС» қосалқы станцияларынкеңейтті, бұл ШығысҚазақстан облысындағы энергия жүйесінің тапшылығын жабуды қамтамасыз етті.  

Сонымен қатар мемлекеттік аудитбарысында бірқатар жүйелі кемшіліктер, соның ішінде электрэнергетикасысаласының одан әрі тиімді дамуына кедергі келтіретін құқықтықолқылықтардың бары  анықталды.

Атап айтқанда, «Нұрлы жол» бағдарламасының үшінші бағытында электр энергетикасы саласындағы өзекті проблемаларды шешу, соның ішіндеқолданыстағы электр қуаттарын жаңғырту және жаңаларын салу, көмірсаласын дамыту,  электрэнергетикасынарығының құрылымын жетілдіружәне т.б. бойынша толықкөлемді міндеттеркөзделмеген.

Электрэнергиясының көтермесауданарығының барлық субъектілеріүшін электрэнергиясын коммерциялық есепке алудың автоматты жүйесінің болуы бөлігінде заңнама  талабының болмауы атап өтілді, бұл оның нақтытұтынылуы туралы анық емес ақпарат алу тәуекелін туындатады.

Сонымен қатар, энергетикалық ресурстарды ірі тұтынушылардың көпбөлігінің міндетті түрде энергетикалық аудит жүргізу туралы талаптарды сақтамауы энергияныүнемдеу әлеуетін анықтауға және энергия тиімділігінарттыруғаықпал етпейді.

Үкіметке көрсетілген кемшіліктерді және құқықтық қайшылықтарды жою үшін  аталған саланың кешенді дамуына бағытталған бағдарламалық құжатәзірлеу, сондай-ақ көтерме сауда нарығының барлық субъектілеріне электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерініңміндеттітүрде болуының  қажеттілігітуралы талаптарды заңнамамен бекіту бойынша шаралар қабылдау ұсынылды.  Инвестициялар және даму министрлігіне энергетикалық аудит жүргізбеген субъектілерге қатысты тиісті шаралар қабылдай отырып, оны жүргізу тұрғысынан мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерін анықтау бойынша іс-шаралар кешенін жүргізу тапсырылды.

Сонымен бірге, мемлекеттік аудитпен сомасы 2,3 млрд. теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 1,9 млрд. теңгесібухгалтерлік есепті жүргізудегі бұзушылықтарға тиесілі. Бұл ретте бұзушылықтар сомасы аудит барысында толық көлемде қалпына келтірілді.

Есеп комитеті отырысының қорытындысы бойынша  анықталған бұзушылықтарды жою, бюджет және өзге де заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етпеген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау бойынша тапсырмалар берілді.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 22 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату