РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

26.04.2018

Есеп комитетінде Дүниежүзілік банк сарапшыларымен кездесу өтті

Есеп комитетінің мүшесі Константин Плотников жәнеқұрылымдық бөлімшелердің басшылары қатысқан кездесу Дүниежүзілік банк сарапшыларының Қазақстан Республикасындағымемлекеттік шығыстарды және қаржылық есеп берушілікті бағалауды дайындауы  шеңберінде өтті.

Есеп комитетінің негізгі міндеттері мен функциялары, аудиторлық іс-шараларды жоспарлау және жүргізу ерекшеліктері, тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалану, ақпараттық технологияларды қолдану, аудит объектілеріне ұсынымдар әзірлеу, сондай-ақ Есеп комитеті қызметінің тәуелсіз, ашық және айқын болуы мәселелері талқыланды.

Республикалық бюджеттің жобасын алдын ала бағалауды дайындау, республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкіметтің есебіне Есеп комитетінің қорытындысын ұсыну, сондай-ақ қазіргі уақытта Эстонияның жоғары мемлекеттік аудит органының сарапшылары Есеп комитеті қызметінің халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкестігі мәселелері бойынша жүргізіп жатқан дәрежесі бойынша тең тексеру жүргізу мәселелері бойынша пікір алмасу болды.

Республикалық бюджетті атқарудағы негізгі мәселелерге, соның ішінде бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылуына, оны бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің толық игермеуіне ерекше назар аударылды.

Бұдан басқа, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, мемлекеттік аудиторларды сертификаттауды жүзеге асыру мәселелері қаралды.

Кездесу соңында тараптар бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуын арттыру және қаржылық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.
 
Анықтама үшін:

Дүниежүзілік банк – 1944 жылы бүкіл әлем бойынша дамушы елдерге қаржы жәнетехникалық көмек көрсету мақсатында құрылған халықаралық қаржы ұйымы.
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 51 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату