РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

02.05.2018

Наталья Годунованың төрағалығымен Есеп комитетінің Ғылыми-әдiснамалық кеңесінің отырысы өтті

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының (семинарларының), соның ішінде шетелдік лекторлардытарту арқылы өткізілетін курстардың (семинарлардың) 2019 жылға арналған тақырыптарын қарады.

Оқу бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне аудит, мемлекеттік аудит объектілерінің тиімділігі, ақпараттық технологиялар саласында, Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың орындалуына аудит жүргізу, аудиторлық ұйымдарға сапа бақылауын жүргізу, сараптамалық-талдау қызметі және басқа мәселелер бойынша жоспарланған.

Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышты басқару, сондай-ақ мемлекеттің кепілгерлігі бойынша борыштың қалыптасуына және басқарылуына аудит жүргізу мәселесі бойынша 2018 жылға арналған қосымша зерттеудің техникалық тапсырмасы талқыланды және бекітілді.

Аталған зерттеу қорытындысы бойынша әзірленген әдіснамалық басшылық Есеп комитетінің аудиторлық іс-шараларын жүргізу үшін пайдаланылатын болады.
 
 
Есеп комитетініңбаспасөз қызметі
 

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 22 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату