РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

03.05.2018

Қазақстан Республикасы Есеп комитетінің мүшесі Талғат Жақан бастаған Есеп комитетінің делегациясы ЕУРОСАИ-дың жұмыс тобының экологиялық басқару бойынша (WGEA) көктемгі сессиясының отырысына қатысты

Хельсинки қаласында (Финляндия)  өткен отырысқа EUROSAI-ға мүше 15 мемлекеттің жоғары мемлекеттік аудит органдарының (ЖМАО) өкілдері қатысты.
Қоршаған ортаны қорғауға аудит жүргізу, осы саладағы тиісті нормативтік құқықтық базаны қалыптастыру және жетілдіру мәселелері талқыланды.
Қоршаған ортанының жай-күйіне бағалау жүргізу кезінде IT-технологияларды қолдануға, табиғатты қорғау қызметін жүргізу бойынша шешімдерді қабылдау процесінде жұртшылықты тартуға қатысты пікірлермен және тәжірибемен сындарлы алмасу жүргізілді.
Іс-шара шеңберінде Есеп комитетінің өкілдері Финляндияның Ұлттық аудит офисінің және Мемлекеттік қазынашылығының басшылығымен кездесті. Финдік әріптестермен электрондық аудит жүргізудің әдіснамасын әзірлеу, сондай-ақ халыққа мемлекеттік қызмет көрсететін органдардың қызметін цифрландыру мәселелерін талқылады. Тараптар осы мәселелер бойынша ынтымақтастықты одан әрі кеңейту жөнінде уағдаласты.
 
Анықтама ретінде:
 
EUROSAI (European Organisation of Supreme Audit Institutions) - Еуропа жоғары  мемлекеттік аудит органдарының ұйымы, 1990 жылы құрылған, құрамына Еуропаның 50 елінің ЖМАО-лары кіреді. Есеп комитеті 2003 жылдан бастап EUROSAI-ға мүше болып табылады. 
 
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 22 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату