РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

04.05.2018

Есеп комитетінің кезекті отырысы өтті

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментіне (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) бөлінген республикалық бюджет қаражатының пайдаланылуына  жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылды.

Департаменттің сот төрелігін жүзеге асыру, соның ішінде Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ сот жүйесінің инфрақұрылымын дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау бойынша орынды шаралар қабылдап жатқаны байқалады.

2016-2017 жылдары Ақмола, Алматы және Жамбыл облыстарында аудандық соттың 3 ғимараты салынған, республика бойынша 218 сот ғимаратына ағымдағы жөндеу жүргізілген.

2016 жылы сот органдарының «Төрелік» ақпараттық жүйесі пайдалануға енгізілген, ол мемлекеттік органдардың 32 базасымен интеграцияланған, сондай-ақ халыққа 65 түрлі өтініш беруге мүмкіндік беретін «Сот кабинетінің» жаңартылған нұсқасы пайдалануға берілген.

Республикадағы барлық соттарда электрондық бұйрықтық іс жүргізу енгізілген. 2017 жылы соттардың жұмыстарын нақты уақыт режимінде мониторингілеудің бірыңғай жүйесін қамтамасыз ету мақсатында Сот органдарының ахуалдық орталығы өз жұмысын бастады.

Сонымен қатар мемлекеттік аудиттің қорытындылары бойынша бухгалтерлік есепке алу, қаржылық есептілікті жасау, бюджет қаражатын жоспарлау, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнаманы жүзеге асыру бөлігінде бірқатар жекелеген бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды.

Департаменттің және оның аумақтық бөлімшелерінің қаржыландыру жоспарына жүйелі түрде өзгерістер енгізуі Жоғарғы Сот аппаратын ұстауға, әкімшілік ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізуге, мамандардың (адвокаттар, аудармашылар) қызметтеріне ақы төлеу шығыстарын жабуға, соттарды үймен қамтамасыз етуге арналған қаражаттың дұрыс жұмсалмауына әкеп соқты.

Департамент «Төрелік» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жаңғыртуды жүзеге асырмағаны анықталды. Сот органдары ғимараттарында құрылымдалған кабельдік жүйе жасауға бөлінген қаражат басқа шығыстарға бағытталған. 

Жобаны іске асыру барысында тапсырыс беруші мен мердігер тарапынан рәсімдердің тиісінше орындалмауы Қарағанды қаласында облыстық сот ғимаратын салу мерзімін сақтамауға әкеп соқты және 2017 жылы сомасы  364,9 млн. теңге болатын бюджет қаражаты игерілмеген.

Бұдан басқа авторлық және техникалық қадағалаусыз, сондай-ақ белгіленген тәртіпте бекітілген жобалау құжаттамаларынсыз ғимараттарға ағымдағы жөндеу жүргізілген, ал олардың көлемі мен жұмыс түрлері күрделі жөндеуге жатады.   
 
Сонымен қатар жалпы сомасы 2,5 млн. теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның бухгалтерлік есепке алу бойынша 1,8 млн. теңгесі немесе 72%-ы қалпына келтірілді. Бұдан басқа, сомасы  35,8 млн. теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану және рәсімдік бұзушылықтың 74 фактісі анықталды.

Отырыс қорытындысы бойынша Есеп комитеті қаржы және ұлттық экономика министрліктеріне, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне, Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментіне анықталған бұзушылықтарды жою, сондай-ақ қолданыстағы заңнама бұзушылықтарына жол берген жауапты адамдардың жауаптылығын қарау бойынша тапсырмалар берді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға процестік шешім қабылдау үшін мемлекеттік аудиттің 6 материалы жіберілді
           
Есеп комитетінің баспасөз қызметі

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 22 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату