РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

05.05.2018

Есеп комитетінде Отан қорғаушы күні және Жеңіс күніне арналған салтанатты жиын өтті

Есеп комитетінің Төрайымы Наталья Годунова ұжымды алдағы мерекелермен құттықтап, барлығына амандық пен ашық аспан, бейбіт күн тіледі.

 «Жеңіс күні біз ұрыс алаңында қайтыс болғандар үшін жанымыз ауырып, олардың ерліктерін мақтанышпен айтамыз және біздің қауіпсіздігімізді қамтамасыз ететін өскелең ұрпаққа үміт артамыз.

Уақыт бәрінен күшті, дегенмен адамзаттың естелігі одан күштірек. Біз құрбан болған әскерлерімізді, зауыттарда ер адамдардың орнына еңбек еткен әйелдерімізді, ауыр кезеңдерді басынан өткізген балаларымызды ешқашан ұмытпаймыз»,- деді жоғары мемлекеттік аудит органының басшысы.

Наталья Годунова Кеңес Одағының фашистік жаулап алушыларды жеңуіне Қазақстанның айрықша үлес қосқанын атап өтті.

«Біздің 500-ден аса отандастарымыз Кеңес Одағының Батыры атанды, ал төртеуі - Т. Бигелдинов, С. Луганский, Л. Беда және И. Павлов – екі рет Батыр атағын алды, Ә. Молдағұлова, М. Мәметова және көптеген басқа азаматтар бұл атаққа қайтыс болғаннан кейін лайық деп табылды. 110 мың қазақстандық Даңқ орденінің иегері болды»,- деп Есеп комитетінің Төрайымы басымдықпен атап өтті.   

Оның айтуынша, бірінші күннен бастап Қазақстанның аумағында әскери бөлімдер мен  бөлімшелер қалыптастырыла басталды. 1941-1945 жылдары республикада 460 зауыт, фабрика, шахта және басқа өндіріс орындары салынды, ауыл еңбеккерлері  майдан үшін 5 829 мың тонна нан, 734 мың тонна ет және басқа да азық-түлік жеткізді.

Есеп комитетінің Төрайымы Қазақстандағы әскери қызмет әр уақытта мемлекет үшін маңызды болғанын, жоғары рухани мәнге ие екенін айтып өтті.

«Тәуелсіздік алған сәттен бастап ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету Мемлекет басшысының негізгі саясатының бірі болып табылады. Президент әскерді дамытуға, ел егемендігін қорғаудың жаңа тетіктерін енгізуге аса назар аударып келеді»,- деді.

Салтанатты жиынды Наталья Годунова ағымдағы жылғы 3 мамырда өткен жоғары әскери атақтар мен арнайы атақтар және мемлекеттік наградалар тапсыру салтанатында айтқан Ұлт Көшбасшысының «Ертең, одан ары күні не боларын ешкім де білмейді. Дегенмен, оқ-дәріні құрғақ ұстап, барлық уақытта әзір болу, Отаның мен жерің үшін кез келген уақытта жаныңды пида етуге дайын болу қажет.» деген сөздерімен қорытындылады.
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 22 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату