РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

11.05.2018

Есеп комитетінің отырысында Есеп комитетінің 2017 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебінің жобасы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің есебіне қорытынды) қаралды

Есепте республикалық бюджеттің атқарылуының макроэкономикалық жағдайларын талдау, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын, кіріс бөліктің атқарылуын, барлық орталық мемлекеттік органдардың бюджет қаражатын пайдалануының тиімділігін және квазимемлекеттік сектор активтерінің басқарылуын бағалау ұсынылған. 

Бюджет тапшылығына және оны қаржыландыру көздеріне, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышты басқарудың тиімділігіне жасалған талдау көрсетілді.

Есепте сондай-ақ стратегиялық құжаттардың нысаналы индикаторларына қол жеткізуге кері әсерін тигізетін жүйелі кемшіліктер көрсетіле отырып, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау нәтижелері қамтылған.

Бұдан басқа, өңірлерге бөлінген республикалық бюджет қаражатының пайдаланылуын, бюджетаралық қатынастардың проблемалық мәселелерін көрсете отырып, аумақтарды дамыту бағдарламаларының іске асырылуын талдау ұсынылды.

Есептің қорытынды бөлігінде бюджетті атқару процесін жетілдіру, активтерді басқару тиімділігін арттыру бойынша Есеп комитетінің нақты ұсынымдары келтірілген.

Отырыс қорытындысы бойынша 2017 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті мақұлдау және оны Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу жөнінде шешім қабылданды.
 
Анықтама үшін:
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 127-бабына сәйкес Есеп комитеті ағымдағы жылғы 15 мамырдан кешіктірмей өзінің мазмұны бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті есебіне қорытынды болып табылатын есепті қаржы жылы үшін республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсынады.
 
Есеп комитетініңбаспасөз релизі
 
 
 

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 51 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату