РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

18.05.2018

Есеп комитетінің ұжымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады

Есеп комитетінің әдеп жөніндегі уәкілі Майра Дағарова дәріс оқыды.

Ол бірқатар стратегиялық құжаттарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру міндеттерін іске асыру арқылы нақты қалыптасқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстан үшін мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылатынын тап өтті.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өзектілігі, «мүлдем төзбеушілік»  сезімін нығайту және оны қабылдамау Мемлекет басшысының 2018 жылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында да атап өтілді»,-деді ол.

Майра Дагарова қатысушыларды 2017 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманың негізгі ережелерімен таныстырып, еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріндегі мемлекеттік аудит органдарының рөліне тоқталды.

Ол жоғары мемлекеттік аудит органы болып табылатын Есеп комитеті қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша мақсатты шаралар қабылдап жатқанын атап өтті.

Әдеп жөніндегі уәкіл Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары, жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы және ішкі талдау нәтижелері, алдағы уақытта жүргізілетін аудиторларды жыл сайын ротациялау, олардың қызметіне бақылауды күшейту, аудит объектілерін қашықтықтан зерделеуге және тікелей байланыстарды барынша азайтуға мүмкіндік беретін заманауи ақпараттық технологияларды енгізу сияқты іс-шаралар туралы айтып берді.  

Бұдан басқа, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесін жетілдіруге, құқықтық олқылықтарды жоюға, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар нормативтік құқықтық құжаттарға енгізілген негізгі өзгерістер мен толықтыруларға тоқталып өтті.

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 51 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату