РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

21.05.2018

Есеп комитетінде «KPMG» және «Ernst&Young» халықаралық аудиторлық компанияларының өкілдерімен кездесу өтті

Кездесу барысында «KPMG» және «Ernst&Young» компаниялары үздік  әлемдік аудиторлық компаниялардың моделі бойынша Есеп комитетінің бизнес-процестерін диагностикалау және жетілдіру мүмкіндіктерін таныстырды.  

Жобаны Азия Даму Банкінің қолдауымен іске асыру жоспарланып отыр.

Есеп комитетінің Төрайымы Наталья Годунова «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңның қабылдануымен ведомство өкілеттіктерінің едәуір ұлғайғанын атап өтті. Жұмыстың басты өлшемшарты - тиімділікті талдау болып табылады, бюджеттің атқарылуын, бағдарламалық құжаттардың іске асырылуын ағымдағы бағалау, мемлекеттік борыштың басқарылуына аудит жүргізу және басқа да функциялар қосылды.

«Алдымызға қойылған міндеттерді сапалы іске асыру және Мемлекет басшысының бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру және бұзушылықтарды болдырмау жөніндегі тапсырмаларын орындау үшін операциялық бақылау жүргізуден сараптамалық-талдау жұмысына бағдарланып, аудиторлардың кәсіби деңгейін арттыру және жалпы алғанда, қызметті үздік әлемдік практикаға сәйкес жетілдіру қажет», - деп атап өтті ол.

«KPMG» және «Ernst&Young» компанияларының өкілдері өз кезегінде Есеп комитетінің бизнес-процестерін реинжинирингтеу бойынша негізгі ұсынылып отырған тәсілдерді таныстырды. Аталған тәсілдер орындалатын функциялардың тиімділігін арттыруға, оларды оңтайландыруға, автоматтандыруға, әдіснамалық базаны жетілдіруге, кадрлық құрамды нығайтуға бағытталған.
Кездесу соңында Наталья Годунова осы жобаны іске асыру жоғары мемлекеттік аудит органының әлеуетін одан әрі дамытуға және халықаралық аудит стандарттарына толық көлемде көшуге ықпал ететініне сенім білдірді.
 
Анықтама үшін:
 
«KPMG» компаниясы «Deloitte», «Ernst&Young» және «PwC» компанияларымен қатар  «үлкен төрттікке» кіретін аудиторлық компаниялардың бірі болып табылады. Халықаралық штаб-пәтері Амстелвенде (Нидерланд) орналасқан. Компания: аудиторлық, салықтық және консультациялық сияқты үш қызмет түрін көрсетеді.
 
«Ernst&Young» (EY) - британдық аудиторлық-консалтингтік компаниясы, әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі (аудиторлық компаниялардың «үлкен төрттігіне» кіреді). 2013 жылдан бастап EY сауда маркасымен жұмыс істейді, ол компания атауына арналған акроним болып табылады. Штаб-пәтері Лондонда.
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі
 

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 51 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату