РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

21.05.2018

2017 жылы Есеп комитетінің аудит материалдары бойынша төрт адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Мемлекеттік аудитке көшуге байланысты Есеп комитетінің қызметі ағымдағы операциялық бақылаудан сараптамалық-талдау іс-шараларын, тиімділік аудитін жүргізуге, экономикалық жоспарлау құжаттарының іске асырылуын бағалауға қайта бағдарланды.

Бұл бұзушылықтарды анықтап қана қоймай, оларға жол бермеу бойынша ұсынымдар әзірлеуге, алдын алу функцияларын іске асыруға, сол арқылы  бюджет қаражатын пайдаланудың және мемлекет активтерін басқарудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Аудиттің қорытындылары бойынша Есеп комитеті уәкілетті мемлекеттік органдарға құқықтық олқылықтар мен коллизияларды жою үшін нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсынымдар береді. Аудиторлық объектілеріне мұндай көмек бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді.

Сонымен бірге, бюджет ресурстарының пайдаланылуына жауапкершілік оларды құқыққа қайшы пайдалану фактілері анықталған жағдайда да қалып, заңнамада көзделген  барлық шаралар қолданылады.

Атап айтқанда, мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдарының    іс-қимылдарында қылмыстық құқық бұзушылық белгілері анықталған кезде Есеп комитеті материалдарды құқық қорғау органдарына жібереді.

Мәселен, Қызылорда облысына бөлінген республикалық бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудит материалдары бойынша Жаңақорған кентіндегі емхана құрылысы кезінде жалпы сомасы 269,3 млн. теңгені құрайтын медициналық жабдықты іс жүзінде жеткізбеген «Бақ-жай» ЖШС-ға Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының ақы төлеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Нәтижесінде Қызылорда қалалық сотының 2017 жылғы 12 қыркүйектегі үкімімен «Бақ-жай» ЖШС директоры Р.Ш. Жүнісов және облыстың Сәулет, құрылыс және қала құрылысы басқармасының бұрынғы басшысы К.Е. Искаков 2 жылға бас бостандығын шектеу түрінде сотталған.  
Маңғыстау облысына бөлінген республикалық бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің материалдары бойынша Ауыл шаруашылығы басқармасының агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне жалпы сомасы 49,7 млн. теңгеге субсидияларды негізсіз аударуы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Нәтижесінде Ақтау қалалық сотының 2017 жылғы 15 тамыздағы үкімімен облыстың Ауыл шаруашылығы басқармасының бұрынғы басшысы Б. Ерсайынұлы  6 жылға бас бостандығы шектеліп, айыппұл салынған, «Маңғыстау облыстық сумен жабдықтау жүйелері» МКК-ның бұрынғы директоры А.Б. Бозбанов – 5 жылға бас бостандығын шектеу түрінде сотталған.
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 22 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату