Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

23.05.2018

Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті

Есеп комитетінде Наталья Годунованың төрағалығымен Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті.

Ұлттық комиссияның мүшелері үміткерлердің кәсіби және этикалық қасиеттеріне баға берді.

Есеп комитеті, Сыртқы істер министрлігі, Ішкі істер министрлігінің Ақмола және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша Ішкі істер департаменттері, Оңтүстік Қазақстан облысының  Бәйдібек ауданы әкімдігі, Қызылорда облысы Қазалы ауданының Әйтеке би кенті әкімдігі, бірқатар ЖШС, Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының Қармақшы аудандық орталық аурухана қызметкерлері және жеке тұлғалар қатарынан  14 кандидатпен әңгімелесу өткізілді.

Отырыстың қорытындысы бойынша «мемлекеттік аудитор» біліктілігі  10 кандидатқа беріліп, 4 кандидатқа беруден бас  тартылды.

Сонымен қатар, әңгімелесу өткізбей, сырттай тәртіппен мемлекеттік аудитор біліктілігі бар 25 кандидатқа «жоғары санатты мемлекеттік аудитор», қаржылық есептілік саласында ішкі мемлекеттік аудитор біліктілігі бар 1 кандидатқа «мемлекеттік аудитор» біліктілігі берілді.

Мұндай тәртіптің Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларында көзделгені және бастапқы біліктілік берілген сәттен бастап екі жыл ішінде кандидат ұсынған өтінішке сәйкес қолданылатыны атап өтілді.
 
 
Анықтама үшін:

Сертификаттауды Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия жүргізеді, оның құрамына Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен бір өкіл, Қазақстан Республикасының Үкіметінен бір өкіл, Есеп комитетінен бес өкіл, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органнан бес өкіл, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары (келісу бойынша) кіреді.

Есеп комитеті Ұлттық комиссияның жұмыс органы болып табылады, ол берілген ұсыныстар негізінде саны кемінде он төрт адам болатын комиссияның дербес құрамын бекітеді.

Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау олардың білімін растауды және мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларында айқындалатын тәртіппен әңгімелесу жүргізуді қамтиды.
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі
 
 
 

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 22 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату