РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

23.05.2018

Үкімет пен Есеп комитеті 2017 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті сенаторларға таныстырды

Сенатта 2017 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет пен Есеп комитетінің есептері таныстырылды.
 
Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов экономикалық дамудың, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асырудың және бюджет көрсеткіштерінің орындалуының негізгі қорытындылары туралы сенаторларға баяндады.
Үкіметтің мәліметтері бойынша, 2017 жылғы экономикалық өсім қарқыны 4 пайызды құрады. «Нұрлы жол» индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясындағы индустриялық-инновациялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру осы өсімге ықпал етті.
 
Б. Сұлтановтың айтуынша, бюджет кірісі 9 триллион 799 миллиард теңгені немесе 101,1 пайызды құрады. Шығыстар 11 триллион 156 миллиард теңге немесе 99,8 пайыз деңгейінде орындалды. Бюджет тапшылығы 1 миллиард 357 миллиард теңгені құрады, бұл жоспардан 129 миллиард теңгеге аз болып отыр. Ұлттық қордан алынатын трансферттер көлемі 2017 жылы ұлғая түсті (мақсатты трансферттердің өсімі 105,8 пайызды құрады). Олар «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламаларын қаржыландыруға және банк секторын қолдауға тартылды.
 
Министр биылғы жылдан бастап Үкімет Ұлттық қордан бюджетке мақсатты аударымдар алынбағанын атап өтті. Үш жыл ішінде кепілдендірілген трансферттің көлемі 2 триллион теңгеге дейін азаяды.
 
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова өз сөзінде 2017 жылы Үкіметтің барлық әлеуметтік міндеттемелері қамтамасыз етілгенін, өткен кезеңдердегi кемшіліктер де, Есеп комитеттің ұсыныстары да ескерілгенін атап өтті. Тұрақты макроэкономикалық жағдай республикалық бюджет пен Ұлттық қор кірістерінің ұлғаюына ықпал етті.
 
Н. Годунова республикалық бюджетке кепілдендірілген және мақсатты трансферттердің өсуіне байланысты Ұлттық қордың таза жинағының қысқарғанын, ол 2013 жылғы деңгейімен салыстырғанда 2017 жылы мұнайға қатысы жоқ тапшылықтың 2,7 есе ұлғаюына әкелгенін хабарлады.
 
Есеп комитеті Қазақстанның жалпы сыртқы қарызының жоғары қарқынын ескерте отырып, ол 2018 жылғы 1 қаңтарда 167,5 миллиард АҚШ долларын құрағанын жеткізді. Үкімет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің 2017 жылы жалпы сыртқы қарызы Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерінің 96,2 пайызын құрады.
 
Н.Годунова бұл көрсеткіштердің ең төменгі шегіне жақындауы елдің қаржылық тұрақтылығына қатер төндіретінін айтты. Баяндамада сондай-ақ республикалық бюджеттен бөлінген қаржының орталық мемлекеттік органдар игермеген қаражат көлемі 15,0 миллиард теңгені немесе жұмсалған шығындардың 0,1 пайызын құрағаны атап өтілді. 2017 жылы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу үшін бөлінген бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану көлемі 507,9 миллиард теңгеге жеткен.
 
Сенаторлар баяндамашылардан еліміздің негізгі қаржы құжатының көрсеткіштері туралы бірқатар сұрақтар қойды.
 
Шараны аяқтай келіп, Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Ольга Перепечина республикалық бюджеттің орындау қорытындыларын талқылау Палатаның тұрақты комитеттерінің отырыстарында жалғасатынын атап өтті.
 
Парламент Сенатының баспасөз қызметі

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 51 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату