РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

25.05.2018

Қазақстан Республикасы Есеп комитетінің мүшесі Константин Плотников бастаған делегация ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары аудит органдары үшін мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының XII отырысына қатысты

Есеп комитетінің мүшесі Константин Плотниковтің төрағалығымен Баку қаласында (Әзербайжан Республикасы) өткен отырысқа Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Ресей және Тәжікстанның жоғары мемлекеттік аудит органдарының (ЖМАО) өкілдері қатысты.

Ресейдің Есеп палатасы әзірлеген бірлескен, қатар бақылау және сараптамалық-талдау іс-шараларының (аудит) сапасына бақылау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар жобасы қаралды.

Сапаны бақылау ЖМАО-лардың лауазымды адамдарының,  сондай-ақ тартылған ұйымдар мен сарапшылардың бірлескен және қатар іс-шараларды (аудитті) ұйымдастырудың және жүргізудің барлық кезеңдерінде ЖМАО-лар арасында жасалған стандарттардың және өзге де ішкі нормативтік құжаттардың, келісімдердің талаптарын сақтауын тексеруді қамтиды.

Бірыңғай ақпараттық кеңістікті, сыртқы мемлекеттік бақылау (аудит) мәселелері бойынша тәжірибемен, құжаттармен алмасу жүйесін құру арқылы ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстанның Есеп комитеті әзірлеген «ТМД-ға қатысушы мемлекеттер ЖМАО-ларының ақпараттық өзара іс-қимылы» стандартының жобасы талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылардың ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, қаралған құжаттардың жобаларын Топтың жұмыс жоспарында бекітілген мерзімдерге сәйкес пысықтау туралы шешім қабылданды.

Келесі отырыс бейнеконференция режимінде XVII және XVIII сессиялар арасындағы кезеңде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ЖМАО басшылары кеңесінің Жұмыс жоспарына сәйкес өткізілетін болады.
 
 Анықтама үшін:

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржы бақылау органдарының мемлекеттік қаржылық бақылау (аудит) стандарттарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы 2010 жылғы қыркүйек айында Ереван қаласында (Армения Республикасы) өткен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Жоғары қаржы бақылау органдары басшыларының  Х сессиясының шешімі бойынша құрылған.
Есеп комитеті Жұмыс тобында оның құрылған күнінен бастап төрағалық етеді.
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі
 

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 51 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату