РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

28.05.2018

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу туралы хабарландыру

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) Үкіметтің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы      № 1089 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңестiң қызметi шеңберiнде жеке кәсiпкерлiк субъектілерінің мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргiзу құқығын тану үшін жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргізетіні туралы хабарлайды.

Аккредиттеу алу үшiн қажетті құжаттар тізбесі:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
2) салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және бiрлестiктi заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiктiң немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
3) бiрлестiк мүшелерiнiң тiзiмi.

Аккредиттеу алу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі – осы хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде.
Аккредиттеуге қатысу үшін толық құжаттар топтамасы: Астана қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 10-кіреберіс (кеңсе) мекенжайы бойынша Есеп комитетіне ұсынылады.

Қосымша ақпарат алу үшін 706951 телефон нөміріне хабарласуға болады.

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 51 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату