РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

29.05.2018

Қазақстан Республикасы Есеп комитетінің мүшесі Халида Қамбарова Ресей Федерациясының Есеп палатасы Санкт-Петербург Халықаралық экономикалық форумының алаңында ұйымдастырған дөңгелек үстелге қатысты

Дөңгелек үстел жұмысына 19 елдің жоғары мемлекеттік бақылау органдарының (ЖМАО) басшылары мен өкілдері қатысты.

Қатысушылар 2019 жылы Ресейде (Мәскеу қ.) өтетін аудиторлық қоғамдастықтың ірі халықаралық форумы – ИНТОСАИ-дің XXIII Конгресінің екі тақырыбы бойынша құжаттардың жобаларын талқылады.

Бірінші тақырып мемлекеттік басқаруды дамытуда ақпараттық технологияларды қолдану мәселелеріне, екіншісі - ұлттық басымдықтар мен мақсаттарға қол жеткізудегі ЖМАО-ның рөліне арналған.

Есеп комитеті Конгрестің екінші тақырыбын пысықтау жөніндегі сарапшылық топтың құрамына кіреді.

Ұлттық мақсаттарға қол жеткізудегі ЖМАО-ның рөлін іске асыру үшін мемлекеттік аудит жүргізудің жүйелі тәсілін қолдану, талдамалық және консультациялық жұмысты күшейту, мемлекеттік аудиттің алдыңғы қатарлы практикаларын қолдану, бұзушылықтарды анықтауға ғана емес, туындайтын проблемаларды еңсеру бойынша Үкіметтің мүмкіндіктерін дамытуға да назар аудару қажеттігі атап өтілді. 

Дөңгелек үстелдің нәтижесінде Конгрестің тақырыптары бойынша құжаттардың жобаларын мақұлдау туралы шешім қабылданды. Олар одан әрі ИНТОСАИ-дің ресми тілдеріне аударылып, ИНТОСАИ мүшелері - ЖМАО арасында талқылау үшін таратылатын болады.
ИНТОСАИ-дің XXIII Конгресінде талқылауға арналған жиынтық талқылау құжаттары 2019 жылдың мамырында қалыптастырылады.
 
Анықтама үшін:
 
ИНТОСАИ – 194 елдің ЖМАО-ларын толық құқықты мүшелер ретінде және 5 елдікін байқаушылар ретінде біріктіретін жоғары мемлекеттік аудит органдарының халықаралық ұйымы. Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтасатын мекеме дәрежесі бар. 1953 жылы құрылған.

Есеп комитеті 2000 жылдан бастап ИНТОСАИ мүшесі болып табылады.
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі
 

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 51 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату