РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

31.05.2018

Есеп комитетінің жанындағы консультативтік-сарапшылық кеңестің бірінші отырысы өтті

Наталья Годунованың төрағалығымен өткен отырысқа Парламент депутаттары, «Аудиторлар палатасы», «Аудиторлар алқасы», «Аудиторлар одағы» кәсіби аудиторлық ұйымдардың, «KPMG» халықаралық аудиторлық компаниясының, қоғамдық ұйымдардың, «Нұр Отан» партиясының, «Атамекен» ҰКП-ның, бірқатар мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшылар, ғалымдар, квазимемлекеттік сектордың аудиторлары қатысты.

Есеп комитетінің Төрайымы Кеңес қызметінің мақсаты мемлекеттік аудит саласындағы саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша ұсынымдар әзірлеу, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарын консультативтік-сарапшылықсүйемелдеу болып табылатынынатап өтті.

Кеңестің бірінші отырысында мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылаудың отандық жүйесін дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.
Есеп комитетінің мүшесі Константин Плотников қатысушыларды Қазақстан Республикасында мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды енгізу тұжырымдамасын іске асырудың негізгі нәтижелері туралы хабардар етті.

Оның айтуынша, мемлекет аудит органдарының жүйесі жасалды, мемлекеттік аудитке көшуді нормативтік және әдіснамалық қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыс атқарылды, тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесі енгізілді, мемлекеттік аудит бойынша бірыңғай дерекқор қалыптастыру жүзеге асырылуда, мемлекеттік аудиторларға білім беру және кәсіби даярлау жүйесі жасалды, сондай-ақ мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жүргізілді.

Сонымен қатар Константин Плотников атап өткендей, Тұжырымдаманың кейбір ережелері іске асырылмады. Осыған байланысты мемлекеттік аудитор жүйесін озық әлемдік тәжірибеге сәйкес одан әрі жетілдіру, мемлекеттік аудит органдарының қызметінде орын алғап отырған барлық кемшіліктерді жою, олардың мәртебесін және кадрлық құрамын нығайту мақсатында мемлекеттік аудит жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша жаңа Тұжырымдама әзірлеу қажет.

Парламент Сенатының депутаты Ольга Перепечина «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңды жетілдіру туралы айтты.
Ол Заңға енгізілген негізгі өзгерістер мен толықтырулар туралы айтып берді. Атап айтқанда, қолдағы бар штат кестесінің шеңберінде мемлекеттік аудитор ассистенттерін енгізу,  сертификаттау жөніндегі Ұлттық комиссияға мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын бұзғаны, аудиторлық есептер мен басқаларды дұрыс жасмағаны үшін  үшін сертификаттарын қайтарып алу үшін құзырет берілгені туралы.

Ольга Перепечина сондай-ақ Есеп комитеті жүзеге асыратын республикалық бюджеттің жобасын алдын ала бағалауды дайындау мәселелеріне де тоқталды.

Ол мұндай бағалау тиімсіз шығыстарды болдырмауға және басым міндеттерді неғұрлым ұтымды шешу үшін қорларды іздеуге бағытталған жоспарлау тиімділігін арттырудың қосымша құралы екенін атап өтті.

Депутаттың айтуынша, өткен жылы дайындалған Есеп комитетінің қорытындысында бюджетті қалыптастыру процесін нормативтік реттеу мен тиімді ұйымдастыруға баса назар аударылған.

«Жан-жақты қарау қорытындылары бойынша Есеп комитетінің жекелеген ұсыныстары депутаттардың назарына алынды. Олардың жартысынан көбі былтырғы жылдың қараша айында Бюджет кодексіне енгізілген түзетулерде ескерілді.  Сонымен бірге біз алдын-ала бағалауды ұйымдастырудың жекелеген тәсілдерін өзгертуді, шығыстардың басым бағыттарын көбірек қамтуды ұсындық», - деп қорытындылады Ольга Перепечина.

Отырыс барысында Азия даму банкінің қолдауымен Есеп комитеті шығарған «Мемлекеттік аудиттің теориясы» кітабы таныстырылды. Кітапта мемлекеттік аудиттің теориялық мәселелері жазылған, оның бюджет қаражатын пайдаланудағы тиімділігі және мемлекеттік активтерді басқарудағы рөлі айқындалған. Кітап мемлекеттік аудиторлардың қызметінде де , «мемлекеттік аудит» мамандығы бойынша мамандарды даярлауда да пайдаланылатыны атап өтілді.

Сонымен қатар, қатысушылар мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесінің өзекті мәселелері бойынша отырыстар өткізуді болжайтын Консультативтік-сарапшылық кеңестің2018 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті.
Соңында Есеп комитеті мен Қаржы министрлігінің жанындағы «Қаржы академиясы» АҚ арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою рәсімі өткізілді.Тараптар мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру саласындағы бірлескен іс-қимыл туралы келісімге келді.
 
 
Анықтама ретінде:

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелері бойынша консультативтік-сарапшылық кеңестің негізгі міндеттері басымдықтарды айқындау, мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылау саласындағы кешенді мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша ұсынымдар әзірлеу, мемлекеттік аудитті енгізу тиімділігін талдау және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметінің өзекті мәселелері бойынша консультативтік-сарапшылық сүйемелдеу болып табылады.
 
Есеп комитетініңбаспасөз қызметі

Фото: Адильбек Тауекелов

 
 

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 22 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату