РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

01.06.2018

Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясын Әлібек Қадірбеков басқаратын болды

Әлібек Қадірбековті тағайындау туралы ұсынымды «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңға сәйкес Есеп комитеті Президент Әкімшілігімен келісе отырып енгізді.
 
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті сессиясында Есеп комитетінің мүшесі Әділғазы Бергенев Әлібек Қадірбековті таныстырды. Оған сол өңірдің әкімі Алтай Күлгінов те қатысқан болатын.
 
Әділғазы Бергенев Әлібек Қадірбековтің мемлекеттік органдарда, оның ішінде қаржы секторында мол тәжірибесі бар екенін атап өтті. 2014 жылдан бастап Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті меңгерушісінің орынбасары лауазымын атқарған. Салық қызметі органдарындағы адал еңбегі мен мінсіз қызметі үшін бірнеше рет марапаттар мен ынталандыруларға ие болған.  
 
«Әлібек Қадірбековтің басшылығымен Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметі жаңа сапалы деңгейге көтерілетініне сенімдімін», - деп атап өтті Есеп комитетінің мүшесі.

Мәслихат депутаттары ұсынылған кандидатураны бірауыздан мақұлдады.

Бұрын Тексеру комиссиясының төрағасы болған Амангелді Нұғыманов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Есеп комитетін ұсынуы және Президент Әкімшілігімен келісу негізінде қызметінен босатылды.
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі
 
 
 

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 51 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату