Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

01.06.2018

Есеп комитетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде кеңес өтті


Есеп комитетінің ұжымымен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроның өкілдері кездесті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттің негізгі бағыттары, сондай-ақ 2017 жылдың қорытындысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманың ережелері талқыланды.

Мемлекеттік аудит жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау себептері мен жағдайларын қарауға басты назар аударылды. Аудиторлардың аудит объектісінің өкілдерімен тікелей байланысын барынша азайту, аудит объектісіне бармай аудит жүргізуге мүмкіндік беретін ақпараттық технологияларды енгізу қажеттілігі, сонымен қатар мемлекеттік аудиторлардың қызметіне бақылауды күшейтудің маңыздылығы атап өтілді.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша Есеп комитеті қабылдап жатқан шаралар талқыланды.

Атап айтқанда, ведомствоның ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуінің арқасында аудит жүргізудің үштен бір бөлігін алатын алдын ала зерделеу кезеңі бүгінгі күні объектіге шықпай жүзеге асырылып жатқаны айтылды.
 
Есеп комитетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің маңызды  бағыттарының бірі мемлекеттік аудит саласындағы, соның ішінде құқықтық олқылықтарды жоюға, жемқорлықтың алдын алуға бағытталған нормативтік құқықтық базаны жетілдіру болып табылады.

Бұдан басқа, жүйелі түрде уәкілетті органдардың лекторларын тарта отырып, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша  техникалық оқулар, семинарлар, тренингтер, сондай-ақ объектіге шығар алдында аудиторларға Есеп комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілінің қатысуымен нұсқамалықтар өткізілуде.     
 
Кездесу соңында мемлекеттік аудиттің жоғары органының ұжымына жемқорлыққа қарсы тақырыпқа бейнеролик көрсетілді. 
 
Есеп комитетінің баспаөз қызметі

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 22 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату