РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

05.06.2018

Мәжіліс 2017 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есепті қарады

Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен жалпы отырыс өтті. Онда Үкімет пен Есеп комитетінің 2017 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері қаралды.

Жалпы отырыста депутаттар алдында Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова баяндама жасады.

Отырыс барысында мәжілісмендер республикалық бюджеттің атқарылуын талқылау барысында көптеген өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, Есеп комитетінің қорытындысы бойынша Қаржы министрлігінің қарыздары кейбір жағдайларда оқыту, дөңгелек үстелдер өткізу сияқты ағымдағы шығыстарды жабуға, сондай-ақ отандық мамандарға төлейтін төлемнен асып түсетін халықаралық сарапшыларды тартуға жұмсалатындығына назар аударды. Сонымен бірге аймақтарға мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаржылардың бір келкі еместігі де депутаттардың назарынан тыс қалмады. Депутаттың айтуынша ол өз кезегінде аймақтарды дамытуда және тиісті әлеуметтік қызметтерді алуда теңсіздіктер тудыруы мүмкін.

Мәжіліс Төрағасы Н. Нығматулин мемлекет қаржысын тиімді пайдалану жұмысымыздың ең негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтіп, атқарылған жұмыстарға, сондай-ақ бірқатар кемшіліктерге де тоқталды.

Республикалық бюджет кірістерінің атқарылуына тоқталсақ, 2017 жылы республикалық бюджетке кіріс 9 691,8 млрд.теңгені немесе 100,9%-ды құрады.

2016 жылмен салыстырғанда республикалық бюджет кірістері 26,5 %-ға, оның ішінде салықтық түсімдер 13,4 %-ға, трансферттер 51,9 %-ға өсіп, салықтық емес түсімдер 46,4 %-ға, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 44,2 %-ға төмендеді.

Республикалық бюджеттің шығындардың атқарылуы бойынша бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға 99,8 % пайдаланылды.

Көзделген 10 698,6 млрд.теңгенің 10 677,5 млрд.теңгесі пайдаланылды, оның ішінде:

- 9 639,5 млрд.теңге – республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері орындаған шығындар (оның ішінде 1 258,7 млрд.теңге Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты);

- 1 038 млрд.теңге нысаналы трансферттер мен субвенциялар түрінде жергілікті атқарушы органдарға аударылды (оның ішінде 167,7 млрд.теңге Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты).

Бюджеттің «Шығындар» деген бөлімі бойынша төлемдер жөніндегі жоспар 21,1 млрд.теңге сомаға орындалмаған, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің бөлінбеген сомасы 3,4 млрд.теңгені құрады, бюджет қаражатының 2017 жылғы үнемдеу сомасы – 2,6 млрд.теңге, қорытындысында республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша игерілмеу сомасы 15 млрд.теңгені құрады.
 
ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі 
 

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 22 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату