РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

12.06.2018

Ресей мен Қазақстанның жоғары мемлекеттік аудит органдарының (ЖМАО) мамандары тәжірибе алмасты

Ресей Федерациясының Есеп палатасында мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылаудың өзекті мәселелеріне арналған ресейлік-қазақстандық дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара биылғы жылдың сәуір айында Есеп комитетінің Төрайымы Наталья Годунованың Ресейдің Есеп палатасына ресми сапары барысында қол жеткізілген өзара іс-қимылды күшейту туралы уағдаластықтарды жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды.

Тараптар аудиторлық іс-шараларды жүргізу, талдамалық қызметті жүзеге асыру, бұзушылықтар сыныптауышын қолдану мәселелері бойынша пікір алмасып, республикалық бюджеттің жобасын бағалаудың ұлттық ерекшеліктерін, сондай-ақ бағдарламалық құжаттардың нысаналы индикаторларын қалыптастыру аудитін талқылады.

Есеп комитетінің өкілдері аудиторлық қызметті жетілдірудің негізгі бағыттарына жан-жақты тоқтала отырып, Қазақстанда үздік әлемдік практикаға сәйкес мемлекеттік аудитті енгізу тәжірибесімен бөлісті.
 
Мемлекеттік аудит органдарының қызметін цифрландыру, мемлекеттік аудитті және сараптамалық-талдау іс-шараларын жоспарлау мен жүргізу бойынша функцияларды автоматтандыру, есептерді қалыптастыру кезінде ақпараттық дерекқорларды пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
 
Қазақстандық делегация мүшелеріне ресейлік әріптестерге объектіге шықпай-ақ, аудиторлық іс-шараны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мемлекеттік аудитті қашықтықтан жүргізудің ақпараттық жүйесі таныстырылды.

Цифрлық экономиканы дамыту жағдайында мемлекеттік сектордағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларға жұмсалатын шығындардың тиімділігін талдау да талқылау тақырыбы болды.

ЖМАО-ның Парламентпен, Үкіметпен, өңірлік мемлекеттік аудит органдарымен, құқық қорғау құрылымдарымен өзара іс-қимылының негізгі бағыттары белгіленді.

Сондай-ақ, дөңгелек үстелге қатысушылар Есеп комитетінің аудиторлық іс-шараларына, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметіне сапа бақылауын және бағалау жүргізу, сондай-ақ осы салада тиісті құқықтық база әзірлеу мәселелерін қарады.

Бұдан басқа, тараптар ЖМАО жұмысының нәтижелері туралы жұртшылықты хабардар ету бойынша өз тәжірибелерімен бөлісіп, аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары туралы ақпарат ұсынудың негізгі нысандары туралы пікір алмасты.
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 51 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату