РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕСЕП КОМИТЕТІ

Жаңалықтар - Баспасөз релиздері

13.06.2018

2018 жылғы 12 маусымда Ашық үкімет порталында Есеп комитетінің Төрайымы Наталья Годунованың қатысуымен интернет-конференция өтті

2017 жылғыреспубликалық бюджеттің атқарылуына арналған интернет-конференция барысында 14 сұрақ түсті.
 
Пайдаланушылардысалық және кедендік төлемдердің жекелеген түрлерінің бюджетке толық түспеуі, консалтингтік қызметтерді төлеуүшін бюджет қаражатынпайдалану, мемлекетборышының ұлғаюы, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борышы, аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша әзірленетін Есеп комитетінің ұсынымдарын іске асыру проблемалары қызықтырды.
 
Бұдан басқа, жоғары мемлекеттік аудит органының жұртшылықпен және коммерциялық емес ұйымдармен өзара іс-қимылы, Есеп комитеті мен «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу орталығы» РМК қызметінің нәтижелерін жариялау және басқа да мәселелеркөтерілді.

Интернет-конференцияның қорытындыларымен Ашық үкіметтің «Ашық диалог» порталында «Интернет-конференциялар» бөлімінде толығырақ танысуға болады.
 
Есеп комитетінің баспасөз қызметі
 

Оставить комментарий

 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары
ҚР Президентінің Қазақстан
халқына Жолдаулары

Төрағаның Блогi

8 (7172) 70 69 86 - Баспасөз хатшысы

8 (7172) 70 70 62 - Кеңсе

8 (7172) 70 70 22 - Сенім телефоны

   Жаңалықтарды тарату